Тілге құрмет – елге құрмет

Мақсаты: өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілінде сөйлеуін, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың ой белсенділігін, таным, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Халық өнерін құрметтеу.

Сабақтың түрі: танымдылық – зерделілік жарыс тыс сабағы.

Көрнекіліктер: тіл туралы нақыл сөздер, үнтаспа, комьютер арқылы салыстырмалы сөз түрлерінің презентациясы, кезең атаулары.

Қатысушылар: 8 «Б»-сынып, 8 «В» сынып

Мақсаты: өзге ұлт өкілдері балаларының қазақ тілінде сөйлеуін, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың ой белсенділігін, таным, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, адамгершілікке, парасаттылыққа, сыпайылыққа тәрбиелеу. Халық өнерін құрметтеу.

Сабақтың түрі: танымдылық – зерделілік жарыс тыс сабағы.

Көрнекіліктер: тіл туралы нақыл сөздер, үнтаспа, комьютер арқылы салыстырмалы сөз түрлерінің презентациясы, кезең атаулары.

Қатысушылар: 8 «Б»-сынып, 8 «В» сынып

Жоспар

I. Мұғалімнің кіріспе сөзі. «Қазақ тілінің басқа тілдермен байланысуы»

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабақ «Тіл мерекесіне» арналған. Қатысатын оқушылар : 8 «Б», 8 «В» – сынып оқушылары.

Біздің мемлекетіміз – көп ұлтты мемлекет, сондықтан қазақ тілі – мемлекеттік тіл болса, басқа тілдердің қолдануына кедергі келтіруге болмайды. Бұл мәселе бойынша ҚР Конституциясында 7 және 93 бабында жазылған. Еліміз тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл құқына көтерілуі.

8 «Б» сынып оқушысы презентация арқылы мәлімет береді.

Қазақ тілі тарихы басқа тілдермен байланысады. Мәселен, қазақ тіліндегі «қарындаш» сөзін орыс тіліндегі «карандаш» сөзінен шыққандығын көруге болады. М.Фасмер сөздігінде: «қара» (черный) және «тас» (камень) сөздерінің бірігуінен жасалды. Ал, күнделікті ұстайтын қолға «қалам» сөзінің латын тілінде «каламус» деп айтылды. Сондай-ақ М.Фасмер сөздігінде дәлелденген «деньги» сөзі түркілік «теңге» сөзінен шыққан. Ерте кезде түркілер бір кезде ақша орнына тиын терісін қолданған. Кейін тері орнына «тиынға» — тәнгә, теңге деп айтылды.

Мысалы, орыс сөздерді түркі сөздермен келтірсек:

Алый – алақызыл, бакалея – баққал, барабан – дарабан, башлык — башлық (басқа киетін киім), башмак – баспақ, буран – боран, бугай – бұқа, ералаш – аралас, жемчуг – інжу, изюм – жүзім, кабан – қабан, карауыл – қараыл (қарап тұршы) деген сзө, кобза қобыз, т.б.

8 «В» сынып оқушысы презентация арқылы мәлімет береді.

Тіл тарихына үңілсек, мысалы ІV – V ғасырда біздің бабаларымыз ғұндар Еуропаға қоныс аударған, алдымен Баламир (375ж) бастап Дунайға жетті. Кейін Еділ (Атилла) бастап (434-452 ж.) Римге, Францияға жетті. Сондықтан Еуропаға түркі тілдергінің ықпал етуі мәлім және керісінше. Сондықтан қазақ тілі басқа да тілдермен байланыста.

Белгілі ғалым Әбілбек Нұрмағамбетовтің «Бес жүз бес сөз» кітабында қазақ тілі мен латын тілі төркіндестігі, яғни түркі тілінің латынға көп ықпал еткені көрінеді. Мысалы:

  • уссы – ыстық
  • алте – алыс
  • айт – айту
  • аула – аула
  • анео (кәрі әйел) – ана
  • атавус – ата
  • кавус – қуыс
  • малигнус – малғұн
  • газа – қазына
  • аптус – аптау (алтынмен аптау)
  • денс – тіс
  • купа – күбі
  • собрие – сабырлы
  • теба – төбе
  • тотус – тұтас
  • тергум – тері
  • ууро — өртеу
  • балло – билеу
  • денс – тіс т.б.

8 «Б оқушысы» презентация арқылы мәлімет береді.

Белгілі ақын О. Сүлейменовтің «АЗиЯ» (1975ж), «Хат тілі» (1998ж.) кітаптарында сөз тарихы туралы құнды мәліметтер бар.Түркі тілдерінен орыс тіліне енген он мыңдаған сөз бар. Мысалы:

  • Жарық – яркий
  • Қазына – казна
  • Қышқыл – кислый
  • Қыр – край
  • Ақыру – крик
  • Қопару – копать
  • Қара – карий
  • Тасы – таскать
  • Толы – толстый
  • Тиыш – тише
  • Араздық – разлука
  • Шойын – чугун
  • Бұрғы – бурильный
  • Ұстау, ұстаған – стақан
  • Сұр – серый
  • Тұман – туман
  • Тіккен – ткань
  • Пеш – печь
  • Сілекей – слюна
  • Ошақ — очаг
  • Піш (пешу — кроить) – писать
  • Лашық – лачуга
  • Топас – тупой
  • Бүкір – бугор
  • Сом – сумма

Ал, орыс тіліндегі «игла » сөзі түркі тілден енген. Өзбекте – игна, ұйғырда – жиңнә, татарда – ина, қазақта – ине.

Мысалы, Ресей ғалымы Мұрат Аджидің «Полынь половецкого поля» кітабында Киев қаласын V ғасырда ғұндар (түркілер) салған, оны «күйеу» (зять) деп атады.

Тула қаласы аталымы «толы» деген сөзден шыққан. Брянск – біринчи — бірінші, Орел – ор иол — өрге барар жол мағынада. «Азов теңізі» «азов» дегеніміз «азау» сөзі екен. Шынында, бұл теңіздің көлемі басқалардан шағын, аз болғандығына байланысты. «Қырым» деп аталуына қыр – шет ұғымы негіз болған. Украина елі «У края» қыр шетінде деген сөз.

Сондықтан, тіл тарихы – ел тарихы деуімізге тура керек.

ІІ. 8 «Б» сынып. 2 оқушы «Ананың тілі» әнді орындайды.

ІІІ. 8 «В». Қазақша би орындалды.

ІV. «Тіл – қатынас құралы» бой жазу кезеңі.

Сұрақтар: (1 сұрақ – 1 ұпай)

1. Қазақ жерінің байырғы халқы. (қазақ)
1. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?

2. «Тіл турал Заң» бірінші рет қай жылы шықты? (22.09.1989 ж.)
2.Тіл мерекесі қай жылдан бастап тойланады? (22.09.1989 ж.)

3. Екінші «Тіл туралы заң» неше баптан, тараудан тұрады? (27 баптан, 16 тараудан)
3. Екінші рет «Тіл туралы Заң » қай жылы қабылданды? (11 шілдеде, 1997 ж.)

4. «Тіл жоқ жерде, ұлт жоқ» деген кімнің сөзі? (Шыңғыс Айтматов)
4. «Игі істің басы — тіл» кімнің сөзі? Махмұд Қашқари)

5. «Құдатғу білік» кітап қандай жазумен, қай жылы жазылған, аудармасын бер, авторы кім? (Араб жазумен, 1069ж, ірі ғұлама Жүсіп Баласағұн).
5. «Диуани лұғат-ат түрік» қандай жазумен жазылған, қай жылдары жазылған, аудармасын бер, авторы кім?( Араб, 1072-1074 ж. ж., Сборник тюркских слов, Махмуд Қашқари.)

6. Латын афавитімен неше жыл бойы және қай жылдан бастап қай жылға дейін пайдаланылды? (900 жыл бойы, 1072 – 1929 ж. ж.)
6. Орыс афавитімен қай жылдан бастап қай жылға дейін пайдаланды? (1940 ж.)

7. Латын афавитімен қай жылдары пайдаланды? (1929-1939 ж. ж.)
7. Қазіргі тіл білімің негізін салушылар көрнекті қазақ ғалымдарын атаңдар. (А. Байтұрсынов, Х. Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Кенесбаев).

V. «Сөздің көркі – мақал»
Кім «Тіл туралы және өнер — білім туралы» мақалдарды көп біледі?

2 топтың арасында сайыс. (ауызша)

VІ. «Кім тапқыр?» Презентация ұсынылады.

Мұғалім:

Тапсырмада берілген сұрақтардың жауабы үш түрлі болады, дұрысын тап.

1 – топқа: 8 «Б» с.

  1. «Абай жолы романын кім жазды?»
    А). М.Әуезов. Ә). С. Мұқанов. Б) Ғ.Мүсірепов.
  2. Қазақ халқының батыры, қаһарман қолбасшы кім?
    А) А.Иманов Ә). Р.Қошқарбаев. Б) Б.Момышұлы.
  3. «Керует» сөзі қай елдің сөзі?
    А) Монғол. Ә) Орыс. Б) Қазақ.
  4. «Геральдика» деген сөз қай елдің сөзі?
    А) Латын. Ә) Француз. Б) Грек.
  5. «Өркениетті ел» сөз тіркесінің аудармпсын беру.
    Правовое государство. Ә) Рразвитая страна. Б) Цивилизованная страна.

2 – топқа: 8 «В» с.

  1. «Салауатты өмір сүру» сөз тіркесінің аудармасын бер.
    А) Жить справедливо. Ә) Здоровый образ жизни. Б) Высокий уровень жизни.
  2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
    А) Т.Мұсабаев. Ә) Т.Әубәкіров. Б) Ж.Үшкемпіров.
  3. Ең ұлы тілдердің саны неше?
    А) 10 Ә) 13 Б) 15
  4. Алғашқы астана қай қала?
    А) Қызылорда. Ә) Орынбор. Б) Алматы.
  5. «Мектеп» сөзі қай елдің сөзі?
    А) Араб. Ә) Монғол. Б) Қазақ.

VІ. «Аударыспақ» ойын. Әріптерді ауыстырып жаңа сөз құру.

І- топқа: 8 «Б» АДАМГЕРШІЛІК (адам, мал, шал,шілік, кеш, шек, ар, кілем, кір, алда, кел, марал)

ІІ- топқа: 8 «В» ҚОНАҚЖАЙЛЫ (қонақ, қон, жайлы, жай, жақ, қажы, қан, қақ, қожа, қыл, жыл, қой, жал, лақ.)

«Ойлан да тап». (берілген әріптерден сөздерді құрастыру)

1-топ: (Е, С, М, Е, Ә, Л) , (Ұ, Қ, Ы, Л, Ы, Б, С)
2-топ: (Е, Д, Ж, Ә, Е, Р), (Ы, С, Н, С, Ы, Ұ)

VІІ. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл»

Тапсырма: берілген тақырыптар бойынша қазақ, орыс, ағылшын тілдерде сөздерді жаз.

«Мектеп»:
«Қала»:
«Отбасы»:

VІІІ. «Фразеологиялық лото» Тапсырма: Орыс тілінде баламасын табу.

  1. Көз жасын көл қылу. – Лить слезы в три ручья
  2. Көйлегі көк, тамағы тоқ. – Как сыр в масле катается.
  3. Он саусағынан өнер тамған. – Мастер на все руки.
  4. Су тигізбейді, шаң жұқтырмайды. – Пылинки сдувает.
  5. Түймедейді түйедей қылу. – Делать из мухи слона.
  6. Суға да батып, отқа да жанады. – В огне не горит, в воде не тонет

ІХ. «Сөздің көркі – мақал».

  1. Оқу — білім туралы.
  2. Тіл туралы.
  3. Отан туралы.

Х. «Сөйлей – сөйлей шешен боларсың»

Талқылауға мына сұрақтар ұсынылады:

  1. Қазақстан – көп ұлтты мемлекет, сондықтан қазақ тілі мәселесі — аса күрделі мәселе болып отыр.
  2. Қазақ тілін үйрену не үшін қажет?
  3. Қазақ тілін адам өз бетінше үйрене ала ма?
  4. Қазақ тілін жетік білу үшін қандай жағдайлар жасалуға тиіс деп ойлайсың?

ХІ. Әділ қазыларының қорытындысы.

ХІІ. Көңіл көтеру. Абай өлеңі «Көзімнің қарасы»

Добавить комментарий