Зат есім

Кулынтаева Жанар Мухамбетжановна
Ақтөбе облысы, Хромтау қаласы №5 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі.
Пәні: Қазақ тілі
Сыныбы : 4
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты: Зат есім туралы түсінік беру. Оқушылардың шығармашылық, ойлау
қабілетін, теориялық ойлауын, тілін дамыту.
Тәрбиелілігі: Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке, ізденімпаздыққа
тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Өз бетінше жұмыс жасауға, белсенділік танытуға, іскерлік дағдыларын
қалыптастыру.
Көрнекілігі: тірек-сызба, бейнетаспа.
Сабақтың түрі: жаға білім беру сабағы.
Сабақтың әдісі: қызығушылықты ояту, ойын, сұрақ-жауап, ассоциация құру, талдау, жинақтау, көрнекілік
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру.
а) оқушыларды түгелдеу, сабаққа зейін аудару
б) психологиялық дайындық (музыкамен қозғалыс)
Оңға, солға басты бұр,
Жоғары-төмен қарап тұр.
Шынықтырып денемізді,
Жинақтап ой-санамызды
Сабақты біз бастаймыз.
Тапсырманы оңды-солды
Орындап та тастаймыз.
2.Үй тапсырмасын тексеру. 5- жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жаса. Біл, оқу, өнер, су.
3.Қызығушылықты ояту. Ойжұмбақ: Ол аспанда да, жерде де болады, шөлейт жерлерде де жүреді, ата-әжелеріңнің қолында да болуы мүмкін, оны жеуге де болады, ол барлық адамда болады.
Қане, балалар, біз де ойланып көрелік. Бұл заттан не шығаруға болады? (Оқушылар өз ойларын айтады; түйе, көзілдірік, жүрек, алма, гүл, шар т.б.)
Жарайсыңдар, балалар, көп нарсе біледі екенсіндер.
— Осы сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? – Не?
— Осы заттарды көпше түрде қалай айтамыз?
— Жарайсыңдар!
— Оларға қандай сұрақтар қоямыз?
— Нелер?
— Ал осы заттарды пайдаланатын адамға қандай сұрақ қоямыз?
— Кім?Кімдер?
— Олай болса Кім? Кімдер ?Не? Нелер? деген сұраққа жауап беретін сөздерді қандай сөз табы дейміз?
-Зат есім.
4.Ассоциация құру:( сызбаға түсіру)
1.Зат есім сұрақтары?
2.Жалқы есім деген не?
3.Жалпы есім деген не?
4.Зат есімнің жекеше түрі деген не?
5.Зат есмінің көпше түрі деген не?
5.Оқушыларды топқа бөлу.
Әр топ 3-4 зат есімнен жазады
1 топ 2-топ 3-топ 4-топ 5-топ
Адамдар Аңдар заттар Табиғи құбылыстар Адамның көңіл-күйі
6.Мәтінмен жұмыс
Мәтінге ат қой
Асан мен Бейсенге мінездеме бер.
Асан
Бейсен
4-жаттығу. Мына сөздер зат есім де, етістік те болатындай етіп сөйлемдер құрастырып жаз. Қала, мақта,кеспе,айтыс, жарыс.
Астана – әдемі, жас қала. Кірпішті саңылау қылмай қала.
7.Сергіту сәті. Теледидардан «Қап, балем» мультфильмін қарау. Ішінен зат есімдерді тауып жазу.
(Шөп, трактор, қоян, қасқыр, ит, шалғы, балта, орамжапырақ, тауықтар)
5- жаттығу. Бір зат есімге әртүрлі жұрнақтар, бірнеше зат есімге бір жұрнақ жалғап, жаңа сөз жаса.
қор қайық
Еңбек балық шы
қырман
8.Бекіту. Берілген сөздердің барлығына ортақ сол әріпті шеңбер ішіне тауып қой.
ойыл
С
ерік ағат
өздік
Тест.
1.Зат есім деген не?
а) Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөздер
ә) Заттың атын білдіретін сөздер
б) Заттың санын білдіретін сөздер
2.Көптік жалғаулы зат есімді тап
а) батыр
ә) оқушы
б) ағаштар
3.Жалқы есімді тап
а) журнал
ә) ағам
б) Алматы
4.Жалпы есімді тап
а) Асан
ә) өзен
б) қазақ тілі
5.Зат есімдер тобын тап
а) үлкен, көгілдір, ащы
ә) Алатау,орман, алма
б) өседі, тербеледі, ұшады
6.Зат есім сұрақтарын тап.
а) қанша? неше? нешінші?
ә) кім?кімдер? не? нелер?
б) не істеді? неғылды? қайтті?
9.Үйге тапсырма 3- жаттығу.Сызба құрастыр.
10.Бағалау.

Добавить комментарий