Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру. Фигуралық мәтін кірістіру. Құжаттарды басу.

Пәні: ИЕТ
Сыныбы: 8
Мерзімі:
Сабақтың тақырыбы: Мәтіндік құжаттарға графикалық кескінді кірістіру. Фигуралық мәтін кірістіру.
Құжаттарды басу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Microsoft Word мәтіндік құжаттарына графикалық кескінді, фигуралық мәтінді кірістіруді және сол құжаттарды баспаға шығаруды үйрету;
Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың ұқыптылыққа, белсенділікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптері, компьютер.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі: Түгендеу.
2.Үй жұмысын тексеру
3.Өткен сабақты қайталау:
1. Мәтінді қалай туралауға (выравнивание ) болады?
— сол жақ, оң жақ, орта және екi жақ шетi бойынша;
— горизонталь, вертикаль, диагональ бойынша;
— сол жақ, оң жақ және вертикаль.
2. Word редакторында қалып-күй қатары негізгі терезенің қай маңында орналасқан:
— Терезенің жоғарғы жағында;
— Терезенің төменгі жағында;
— Вид→Панели инструментов→Элементы управления терезесінде.
3. Microsoft Word редакторын іске қосу былай орындалады (қате жолды көрсетіңіз):
— Пуск→Программы→Microsoft Word командаларын орындау арқылы.
— Word-та бұрын дайындалған құжаттың шарт белгісінде маусты екі рет шерту арқылы.
— Жұмыс столында жанама менюді шақырып, оның ішінен Word программасын таңдау арқылы.
4.Жаңа сабақ
Құжатты сәнді безендіру үшін оған графикалық элементтерді (суреттерді, диаграммаларды, стандарттық картинкаларды) өте жиі кірістіруге тура келеді.
Барлық осы элементтерді құжатқа кірістіру үшін Сурет салу (Рисование) аспаптар тақтасы немесе Кірістіру→Сурет (Вставка → Рисунок) пайдаланылады.

Мәтінге суретті кірістіру үшін келесі әрекеттерді орындаңдар:
1. Суретті кірістіретін орынды шертіңдер.
Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Файлдан (Из файла) командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Суретті үстемелеу (Добавить рисунок) батырмасын басыңдар.
2. Кірістіру талап етілетін суретті табыңдар.
3. Кірістіру талап етілетін суретті екі рет шертіңдер.
Картинкалардық жинағын (Microsoft-тың) үстемелеуге, ретке келтіруге немесе Microsoft Office-тің кез келген қосымшасынан мультимедиа клиптерін қарап шығуға болады.
Кірістіру (Вставка) менюіндегі Сурет (Рисунок) командасын, ал содан кейін Картинкалар командасын таңдаңдар немесе Сурет салу (Рисования) тақтасының Картинканы үстемелеу (Добавить картинку) батырмасы бойынша шертіңдер.

Автофигуралар мен WordArt объектілерін кірістіру

Microsoft Word-та векторлық графика негізінде суретті дайындау мүмкіндігі бар, ол үшін құрамдас дайын объектілер (Автофигуралар) мен графикалық мәтін (WordArt) пайдаланылады.
Құжатқа Автофигураларды үстемелеу үшін:
1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін Автофигуралар командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының Автофигуралар менюін таңдаңдар.
2. Тізімнен керекті фигураны таңдаңдар
3. Оны құжаттың керекті орнына алып барыңдар.

7.7 сурет. Сурет салу тақтасының Автофигуралар менюі

Құжатқа WordArt объектілерін үстемелеу үшін:
Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.
1. Кірістіру (Вставка) менюіне Сурет командасын, содан кейін WordArt командасын немесе Сурет салу (Рисование) тақтасының WordArt WordArt объектісін үстемелеу (Добавить объект WordArt) батырмасын таңдаңдар.
2. WordArt жинағы сұқбаттық терезесінен мауспен екі рет шертіп керек мәнерді таңдайсыңдар
3. WordArt мәтінін өзгерту (Изменение текста WordArt) терезесіне керек мәтінді енгізіңдер
4. OK батырмасын басыңдар

Қорытынды
Жаңа сабақты бекіту мақсатында:
1. WordArt мәтінін қалай өзгертеміз?
2. Қажетті геометриялық фигураларды қалай таңдаймыз?
3. Геометриялық фигураларды қалай топтаймыз?
Үйге тапсырма: 9.5-9.7-тақырыптар

Добавить комментарий