І.Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдануды қайталау.
ІІ.Сабақтың мақсаты: а) оқушылардың рационал сандарға амалдар қолданутарауынан алған білімдерін тұжырымдап, білім деңгейлерін байқау, жүйелеу; Білімдерін практикада қолдана білудің дағдыларын қалыптастыру; ә) Есте сақтау, ойлау, сөйлеу, ауызша жазбаша қабілеттерін дамыту. Әрбір жеке тұлғаның ақыл ойының дамуына, шығармашылық даму мүмкіндігіне жағдай жасау. Логикалық ойлау, таным белсенділігін арттыру;
б) Оқушылардың математикалық мәдениеттілігін, сауаттылығын есеп шығару барысындақалыптастыру. Еңбекке баулу, жауапкершілікке, мақсатына жете білуге дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру, әдемілікті сезінуге тәрбиелеу.
ІІІ. Сабақтың түрі: Қайталау сабағы, білімдерін бір жүйеге келтіру сабағы.
ІV. Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, әңгімелесу, салыстыру,кестемен жүмыс істеу. Сын тұрғысынан ойлау әдісі.
V.Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, интерактивті тақта, сызба – кестелер, слайдтар.
Біле бер, қанша білсең – тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле, біле.
Ж.Баласағұн.
VI. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
А) Оқушылардың психологиялық дайындығы.
Ә) Оқушылардың түгендеу, құрал – жабдықтарын тексеру.
Өтілген тақырыптарды пысықтау. «Ой қозғау» стратегиясы.
2. а) Үй тапсырмасын тексеру.
№316,315 тақтаға қабдеш Мадина, Кенжебек Әдемі жазып көрсетті. Бұл кезде оқушылардың өткен тақырыптарды пысықтау сұрақтары қойылып, жауаптары тыңдалады.
- Рационал сандар жиынына қандай сандар тиісті?
- Теріс сандарды қосу ережесін тұжырымда.
- Таңбалары әр түрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда.
- Бірнеше теріс санның қосындысы теріс сан ба, оң сан ба?
- Рационал сандар қалай азайтылады?
- Таңбалары бірдей екі санды көбейту ережесін айт?
- Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу ережесін айт?
ә) Ойын: « Эстафеталық сұрақ –жауап»
б) Әрбір оқушы 1 мысалдан жазады.
Мысалдар келтіру: «Мағынаны таныту»
3. Оқулықпен жұмыс. №319 (1,3)
4. «Сиқырлы шаршы» ойыны:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
-1;+2;-3;+4;-5;+6;-7;+8;-9; сандарын
тігінен де, көлденеңінен де, диагональ
бойында да көбейтінділері теріс сан
болатындай шаршының торкөздеріне
орналастыр.
5.Деңгейлік тапсырмалар . «Қайсысын қалайсын?», «Ой толғаныс» стратегиясы
І деңгей жасыл түс, №321 (2,3)
2. а) -26+(-8) 3.а)-3/5+(-1/5)
ә)-43+(-21) ә)-1/4+(-3/4)
б)-96+(101) б)-3/7+4/7
Мұхтар Руфина, Тайболды Әділет орындады.
Математика тарихына көз жіберсек, Жәутіков О.А – қазақ математигі.
Математика ғылымының дамуына көп үлес қосқан. Физика – математика ғылымының докторы, профессор. Негізгі ғылыми еңбектерінің бірі осы теңдеулер тақырыбы.
ІІ деңгей сары түс, №328 (1) Таңбалы ережесін пайдаланып,
жақшаны ашып жазыңдар.
1) х= +(-1,9) 2) х=-(+0,75) 3)х=+(+3/8) – Бақтыбек Мадина
4) х=(-2) 5)х=-(+2/3) 4)х=+(-1) – Жайдар Нәзия
ІІІ деңгей қызыл түс, №322 теңдеуді шешіңдер.
- –х+4,5=7 2.-m+1,2=4
3. 8-5x+x=16 4. 4,8-5,5-x=-19
6. Кесте бойынша ауызша есептеу.
«Қоян қайда секіреді?» ойынын ойнату.
|
4 |
6 |
|
-6 |
-2/3×6 |
|
15 |
7 |
|
|
-7 |
|
-4 |
-15 |
|
VII.Сабақты бекіту: « Кім жүйрік?» ( тест)
- Есепте: (3,7-8,6)×(-3,1)-5,09
А) 20,28; В) -10,1; С) 10,1;
- Өрнектің мәнін тап: а3-в2, егер а=-1; в=-3
А) -8 В)10 С)-10
- Өрнекті ықшамда: 5×(-1,6)×х
А)-8 В)-8х С) 9х
Математиканы өмірмен байланыстыру. «Болжау» стратегиясы
Білемін |
Білдім |
Білгім келеді |
|
|
|
VIII. Үйге тапсырма беру: №319, №320, №38
IX. Сабақты қорытындылау: бағалау , марапаттау.