сабақ жоспары

Сыныбы 3«а» 4 «а»
Пәні Еңбекке баулу Математика
Сабақтың тақырыбы Ермексаздан тайқазан жасау Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдері
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың ермексаздан тайқазан пішімін сомдау, ермексазды үзу, домалақтау, тегістеу, ию, пішінге келтіру дағдыларын жетілдіру Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерін меңгерту
Күтілетін нәтижелер
Тайқазан туралы түсінік алады
Ермексаздан әр түрлі бұйымдар жасауға үйренеді
Білімін өмірмен ұштастырады Үш таңбалы санға жазбаша бөлу тәсілдерімен танысады. Тапсырмалар арқылы үш таңбалы санға жазбаша бөлуге үйренеді.
Керекті жабдықтар оқулық, стикер, бағалау парағы, рефлексия парағы, т.б. оқулық, стикер, бағалау парағы, рефлексия парағы, т.б.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Сабаққа назарын аудару
Тайқазан суретін көрсету

Тайқазан деген не?
Ол туралы не білесің?
Тайқазан туралы мәлімет беру
Тайқазанның сыйымдылығы 3000 л, салмағы 2 тонна, диаметрі 2,45 м үлкен қоладан құйылған қазан тұр. Қазан шипалы сумен толтырылатын болған. Қазан Абд-ал-Азиз шебердің басқаруымен Яссы қаласынан солтүстікке қарай 25 шақырым жердегі Қарнақ деген елді мекенде жеті түрлі металдың қоспасынан құйылған. 1935 жылы Иран өнері мен археологиясына арналған Ленинградта өткен халықаралық конгресске тайқазан апарылған болатын. Сонан бері Эрмитажда тұрған тайқазан 1989 жылы Отанымызға қайта әкелінді. Қазір Түркістанда сақтаулы Амандасады
Сурет бойынша сұрақтарға дайындалады

Тайқазан туралы мәліметпен өзбетімен танысады Сабаққа назарын аудару
Қызығушылықты ояту.
Берілген сандардан өрнек құрастырып мәнін табу.
1290 309 2725 204
1732 106 3511
2 . +

ІІ. Үй жұмысын тексеру:
(балалардың жазба жұмысын тексере отырып, жауабын салыстыру)
Бөлудің компоненттерін атау. Бөлуді немен тексереміз? 2. «Үндемес» ойыны
Сабақтың мақсатын қою,табыс крийтерийлері
Амандасады.
Жұптасып отырады.

Берілген сандардан өрнек құрастырып мәнін табады

Оқушылар сабақтың критериін өздері айтады;
Негізгі бөлім Тайқазанның жасалу жолын оқулықтан көрсету

Оқулықтан тайқазанның жасалу жолымен танысады
Өз бетімен тайқазан жасауга кіріседі Жаңа материалмен таныстыру
№2 а)тапсырманы түсіндіре отырып шығару
3918: 653
1) Бөліндінің мәніне тиісті цифрды таңдаймын
2) Ол үшін 39 жүздікті 6 жүздікке бөлемін,6 шығады
3) Тексеремін 653*6
3 918 шықты.
№2б бөліп беремін
№4 Граммен өрнектеу №5 Есеп шығару
Әкелінді -? кг к.
Жұмсалды – әр күні -4500г
Алты күнде -? кг
Қалды -32кг
4500*6 =27000г =27кг
27+32 =59кг
Жауабы: 59 килограмм күріш әкелінген.
№6 Ауызша есептеу.
а= 14 дм, S=126 дм.кв
в=?дм
126: 14 =9дм
№7 (1-ші бағаны)

Өз бетімен орындайды
Тақтаға орындайды

Тапсырманы бөліп тақтаға шығарады.
Қорытынды 1.Қазан-ошақ не үшін қолданылады?
2. Мақал -мәтелдер айту
Формативті бағалау.
Әр тапсырма сайын ойыншық ақша беріледі; Бүгінгі сабақтан қандай қызықты нәрсені білдіңдер?
— Нені үйрендіңдер?
Жазбаша бөлу тәсілдерін түсіндіңдер ме?
Рефлексия Рефлексия парағын үлестіру

Добавить комментарий

Сабақ жоспары

Газдардың электр өткізгіштігі.
Тәуелді және тәуелсіз разрядтар. Плазма туралы түсінік.

Сабақ жоспары

Пәннің аты:Физика және астрономия

Оқытушы: Жумабекова Э.Б

Сабақ
өткізілетін күн

Сабақ
өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін
орны (аудитория нөмірі)

Сабақ
өткізілетін уақыты

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Сабақтың тақырыбы: Газдардың
электр өткізгіштігі. Тәуелді және тәуелсіз разрядтар. Плазма туралы түсінік.

 

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: оқушыларды газдардағы электр тоғының жүру процесстерімен таныстыру.

б)
ой-өрісін дамытушылық
: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттыру. Есте сақтау қабілетін,
қабылдауын, зейінін тұрақтандыру.

в)
тәрбиелік:
қарым – қатынас арқылы сөйлеу мәдениетін
қалыптастыруға, өз ойын толық жеткізе алуға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: жаңа сабақ.

ІV. Сабақтың түрі: аралас.

V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру,
жазбаша, сұрақ – жауап.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: лекция

Пән аралық және пән ішілік байланыс

Қамтамасыз
ететін пән және тақырыбы:
химия

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен танысу. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,
дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-3 минут.

2.Сабақтың жаңа тақырыбын
хабарлау, мақсатын қою:
Оқушыларға сабақтың
тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады. 2 минут.

 

3.Үй тапсырмасын сұрау: [1]335

·Сұйықтарда электр зарядын
тасымалдаушы бөлшектерді атаңдар.

·Электролиз дегеніміз не?

·Фарадей заңын тұжырымдаңдар.

 

4.Жаңа сабақты қарастыру: 55 минут.

Қалыпты
жағдайда газдарда еркiн ток тасушылар (электрондар мен иондар) болмайды.

Газдардың
атомадары мен молекулаларына электронның үзiлiп кетуiгаздардың
иондалуы
дейдi. Газдарда электр тогын тасушылар тек газдар
иондалғанда ғана пайда болуы мүмкiн. Электронның газ атомдарымен
(молекуларымен) соқтығысуынан болатын газдың иондалуынэлектронды
соққыдан иондалу
дейдi.

Газдардың
иондалу сыртқы әсерленген (сыртқы ионизаторлардан): қатты
қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден пайда болуы мүмкiн. Электрондардың атомнан
бөлiнiп кетуiне қажет минимальдi энергияныиондау энергиясыдейдi.
Газдың иондалу үшiн жұлынып кететiн және атомның (молекуланың) қалған бөлiгiнiң
арасындағы әсерлесу күшiне қарсыиондалу жұмысынжасау
қажет (AИ).

Қарама –
қарсы зарядттаған бөлшектердiң қайтадан бейтарап атом (молекула) құрыуынрекомбинациядейдi.
Сыртқы ионизаторлар тұрақты болса, ионизациялану мен рекомбинациялану арасында
динамикалық тепе – теңдiк қалыпасады. Бұл жағдайда жаңадан құрылған
зарядтталған бөлшектердiң саны бейтарап атомға (молекулаға) бiрiккен парлардың
санына тең болады.

Газдағы
электр токгаз разрядыдеп аталады.

Сыртқы
ионизаторлардан (қатты қыздырудан, әр түрлi сәулеленуден) пайда болатын газдың
электр өткiзгiштiгiтәуелдi газ разрядыдеп аталады.

Электр тогының газдансыртқы
ионизаторларға тәуелсiз өту құбылысы,тәуелсiз газ разрядыдейдi.
Тәуелсiз разряд болғанда газ атомдар мен молекулардың электрондардың соғуынан
болатын иондалуы газдың иондалуының негiзгi механизмi болады. Электрондық
соққыдан иондалу электронның еркiң жолының ұзындығы λ болғандағы кинетикалық
энергиясыWkэлектронның атомнан бөлiнiп кетуiне
жұмсаған жұмысынаAижеткiлiктi, яғни :WkAи,
немесе

eEλ≥Aи(7.9)

болған
жағдайда мүмкiн болады. МұндағыЕ-электрлiк өрiстiң кернеулiгi, λ-
электронның еркiң жолының ұзындығы.

Әдетте,
атомдар мен молекулалардағы электрондар байласының энергиясы (иондау
энергиясы)электронвольтпен(эВ) өрнектеледi. Бiр
электронвольт электр өрiсiнiң элементар заряды бар электронды немесе басқа
бөлшектi өрiстiң кернеулiгi 1 Вольт болатын екi нүктесiнiң аралығындағы орын
ауыстыруына жұмсайтын жұмысқа тең:

Мысалы
сутегi атомының иондау энергиясы 13,6 эВ тең, ал оттегi молекуласының иондау
энергиясы 12 эВ тең болады.

Егер ток
көзiнңғ қуаты тәуелсiз разрядты ұзақ уақытқа жалғастыруға жетпеген жағдайда
ұшқынды разряд деп аталатын тәуелсiз разрядтын түрi пайда болады.Найзағай-ұшқынды разрядтың
мысалы болады.

5. Жаңа материалды бекіту – 7 минут (фронталдық
сұрақ жауап).

Бекіту сұрақтары:

·Газдардың иондалуы дегеніміз не?

·Газдардағы электр тоғын
тасымалдаушы бөлшектер қалай аталады?

·Газ разряды дегеніміз не?

·Рекомбинация дегенісміз не?

·Плазма дегеніміз не?

6.Сабақты қорытындылау3 минут: Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау,
сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау, баға қою.

7.Үй тапсырмасы-3 минут: [1] 353 бет.

8. Әдебиеттер:

·Конграт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Н. ФИЗИКА /Жалпы білім
беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытына арналған оқулық/
-Алматы:Мектеп,2006

·Мякишев Г.Я., Буховцев Б.Б. ФИЗИКА / Орта мектептің 10-11
сыныптарына арналған оқулық/ — Алматы: Мектеп: 2001

9.Сабақтың аяқталуын хабарлау: Құрметті оқушылар, осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау
болыңыздар!

 

Оқытушының
қолы:
___________________

Добавить комментарий

Қаңлылар тарихы, қоныстануы

Қазақстан Республикасы. Шығыс Қазақстан Облысы
Аягөз қаласы «№3 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Тарих пәнінің мұғалімі: Оразбаева Назым Сейлхановна
Қазақстан тарихы 6 класс

Сабақтың тақырыбы: Қаңлылар тарихы, қоныстануы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден келе жатқан қазақ тайпаларының бірі екенін, қазақ халқының қалыптасуына үлес қосқанын, өз кезінде белгілі мемлекет болып, көптеген елдермен дипломатиялық, сауда, мәдени қатынастар жасағанын, өзінің ұзақ тарихында өз заманына лайық жетіліп, дамығанын ашып көрсету, тірек — сызбалар арқылы түсіндіре отырып шығармашылық білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өздерін қалыптастыра отырып, өткен сабақтардағы оқиғаларды бүгінгі сабақтарда кездескен оқиғалармен салыстыру, оқушыларды сұрақтар мен тапсырмаларды шешуге қатыстыра отырып, өздігінен қорытынды жасауға үйрету арқылы ой — өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға қаңлылардың ежелден бері адамзат жинаған тәжірибеге өзіндік үлес қосқанын ашып көрсете отырып, еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын көрнекі құралдар: слайд, интерактивті тақта, карта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен сәлемдесу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үй тапсырмасы «Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы»
(Қабілеті төмен оқушыға тест берем.)
Қабілетті оқушымен жұмыс: Қарғалы диадемасы бойынша материал жинақтап келуді ұсынғанмын.
Қазақстанымыздың туын Сочи олимпиадасында биіктен көріну мақсатында «Биіктікті бағындыр» ойынын ойнап көрейік. Суреттегі таудың шыңына туымызды желбіретейік. Ондай болса ондағы әртүрлі кедергілерден өтуіміз керек.
Тапсырмалары:
1. Үйсіндердің мал шаруашылығына тоқтал
2. Егіншілік пен отырықшылық
3. Сәйкестендіру тапсырмасы. Тоқталып айтып кету
4.Түрлі кәсіпшілік
5. Үйсіндердің салт-дәстүрлері
6. Тарихи диктант.
7. Үйсіндер ескерткіштері табылған аймақты картадан көрсет.
8.Үйсіндердің тұрақты үйлері
9. Үйсіндердің діни нанымдары

ІІІ. Жаңа сабақ.
Қаңлылар б.з.б.3-2 ғасырлар б.з.-дың 5 ғасыры аралығында өмір сүрген.
Қаңлы тайпалары негізгі атамекені Сырдария өзенінің орта ағысында жатты. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас жағалауларында, Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады.
Деректерге сүйенсек Ежелгі Иранның б.з.б. 6 ғасырдағы Авеста» қасиетті кітабында «Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған. Қытай тарихшысы Сыма Цяньның «Тарих жазбаларында» көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған, ал Қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, оның шекарасы жазылған. Жазба деректерді археологиялық деректер толықтыра түседі. Өзен бойларында жүргізілген қазба жұмыстары олардың көшпелі ғана емес, егінші болғанын да дәлелдейді.
Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағының 120 мың отбасы немесе 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған.
Қаңлы елінің астанасы: Битянь қаласы. Битянь қаласы кейбір жазба деректерге қарағанда қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетсе, ал екінші бір деректерде қазіргі Тараз қаласының маңы болғандығын айтады.
Қаңлы елін хан басқарған. Ханның үш орынбасары уәзірі көмектесіп отырған. Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлінген, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдер лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.
Қаңлылар тарихы, қоныстануы
Археологиялық ескеркіштері бойынша оқушыларға кітаппен жұмыс жүргізу.
ІV. Сабақты қорыту кезеңі.
«Ғажайып табло» ойынымен бекіту.

Қаңлылар тарихы, қоныстануы

1. Қаңлы елінің астанасы
2. Қаңлы елі байланыс жасаған елдер
3. Қаңлылар туралы қандай деректер бар
4.Жазба деректерде Қаңлылар өмір сүрген жерлер.
5.Қаңлылар өмір сүрген уақыт
6.Қаңлылардың археологиялық ескерткіштері
7. Қоғамдық құрылысы
8. Қаңлылардың табылған қалалары
9. Қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен уақыт.
V. Үйге: §18 оқу, мазмұнын айту
VІ. Оқушы білімін бағалау

Добавить комментарий

Қазақстан суретшілері. Құрмалас сөйлемді қайталау.

орыс мектептеріндегі қазақ тілінен ашық сабақ жоспары. 9- сынып

тақырыбы: Қазақстан суретшілері. Құрмалас сөйлемді қайталау.

Қазақ тілі.    9 — сынып

Сабақ тақырыбы       1.Грамматика

                                       Құрмалас сөйлемді қайталау

                                       2. Лексика

                                      Қазақтың атақты суретшісі

Сабақ мақсаты       1.Оқушыларға қазақ халқының суретшілері туралы толық мәлімет беру;

                                       Тақырыпқа қатысты сөз оралымдарын меңгерту;

                                        Құрмалас сөйлемді қаншалықты меңгергендігін тексеру

                                    2.Оқушылардың тіл байлығын,мәдениетін дамыту;

                                        Танымдық қабілеттерін жетілдіру;

                                       Ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру;

                                       Сөздік қорын молайту

                                   3. Оқушыларды іскерлікке, ізденіске, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Сабақ түрі               қайталау сабағы

Сабақ типі               қиыстыру

Сабақ көрнекілігі            интерактивті тақта (слайд,флипч.жұмыс)суреттер

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер               сұрақ-жауап,эвристикалық,сын тұрғысынан ойлау

                                                                               стратегиясы,әңгімелеу,ойландыру,талдау,топтық жұмыс

 

Сабақ барысы   

І.  Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасып,тіл дамыту.

Сабақтың өткізілу барысымен оқушыларды таныстыру

Мұғалім:

Бүгінгі сабақ- ерекше сабақ,өйткені біздің жұмысымызды келген қонақтарымыз бағалайды,сондықтан бүгінгі сабақта белсенділік танытып,білімдеріңді көрсете алуларыңа тырыссаңдар деп тілек білдіремін

Олай болса,іске сәт дей отырып, бүгінгі сабағымыздың мақсатын хабарлауға рұқсат етіңіздер

Сабақ мақсаты Құрмалас сөйлем  тақырыбы бойынша  білімдеріңді тиянақтау, «Қазақ суретшісі»лексикалық тақырыбын жалғастыра отырып, оны толықтай меңгеру,ауызекі сөйлеу тілдеріңді топтық жұмыс арқылы дамыту

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ал, олай болса, балалар, үй тапсырмасын әр топ өзі үйден дайындап әкелген сұрақтары бойынша қорытындылайық.үй тапсырмасы «Құрмалас сөйлем және оның түрлері»болатын,сұрақтарыңыз дайын болса, әр топ бір-біріне екі сұрақтан қоюға тиіс.Сұраққа қысқа,бірақ толық жауап береміз.

Ал қанеки,дайын болсақ, І топ өз сұрағын бастасын…

                ІІ топ          Ітоп     Ітоп

І топ    ІІтоп    ІІІтоп

               ІІІ топ          ІІІтоп  ІІтоп

ІІІ .     Мұғалім:

Жақсы,балалар, барынша жауап беруге тырыстыңдар,құрмалас сөйлем бойынша өз білгенімізді жинақтадық,енді осы ережені пайдалана отырып,мәтінмен қалай жұмыс жасайды екенбіз,өздерің білесіңдер біз Қазақстан суретшілері деген тақырыпты өткен болатынбыз,ендеше мына тақтаға қарайықшы, қандай бейне сіздерге таныс болып тұр?

 

 

 

 

 

 

Художник Романов Сахи(1926-2002гг)                              Художник Исмаилова Гульфайрус

 

 

Оқушылар:

Әбілхан Қастеев

 

Мұғалім

Жақсы,бұл  қандай адам?

 

Оқушылар:

Қазақтың атақты суретшісі – Әбілхан Қастеев, ол қазіргі Алматы облысы,Жаркент қаласында 1904 жылы өмірге келген;

Ол Моквада Н.Крупская атындағы көркем студияда оқыған;

Оның атақты «Амангелді отрядының шабуылы», «колхоз тойы»атты туындылары бар…

Мұғалім:

Рахмет,өте жақсы, Ендеше, мына бейнелерге де назар аудара отырайық,бұл кісілер де Қазақстанның атақты суретшілері,Мысалы, мынау – Аскар Есдаулет деген суретші,оның туындылары өте көп,сонау 2000 жылдан «Тарлан»сыйлығының иегері;

Мынау – Романов Сахи – атақты суретші,график,кино суретшісі.1958 жылдан бастап суретшілер Одағының мүшесі.Оның «Құрманғазының өмірі мен шығармашылығы», «үш Қоңыр»,т.б. туындылары бар.

Мынау – Смайлова Гүлфайруз – Қазақстан театр суретшісі, кино актрисасы,Қазақстан өнерінің еңбегі сіңген қызметшісі.16 жыл бойы Қазақстан балет театрының декоратор-суретшісі.Оның «Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлованың »портреті, «К.Байсеитованың»портреттері елге белгілі.

Балалар, біздің бүгінгі жұмысымыз осы атақты суретшілердің ішіндегі  қазақтың ең алғашқы кәсіпқой суретшісі – Ә.Қастеев туралы болмақшы.Айтайын дегенім, мәтінмен жұмыстардың барлығы осы суретші жайында болмақ.

Дайын болсаңдар, мына үлестірмелі қағаздарды таратамын,ал сіздер бұл жұмысқа 2минут арнайсыздар.

Тапсырма:

Мәтінді оқып,құрмалас сөйлемді тауып,түрін ажырату.

І топ

  Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой суретшісі Әбілхан Қастеев болды.Оның шығармашылығы сан қырлы, сондықтан ол тарихи тақырыпта  да,  түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады.1944 жылы ол Қазақ КСР Халық суретшісі атағын алады.

Әбілхан Қастеев 1930 жылы алғаш рет Мәскеуге сапар шегеді.Атақты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрме өтеді және сол жылы суретшіге өнер қайраткері атағы беріледі.Оның есімі ұлттық тарихымыз бен мәдениетімізде үлкен орын алады.

Әбілхан Қастеев – Шоқан Уалиханов атындағы Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Әкесінен ерте айрылған ол байдың жалшысы болды.Алматыда атақты суретші шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылып, 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді.

Перде арқылы жұмыстың дұрыстығын тексеру:

І топ – « Оның шығармашылығы сан қырлы, сондықтан ол тарихи тақырыпта  да,  түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады».(себеп-салдар салалас, « сондықтан», жалғаулығы арқылы жасалған,1-жай сөйлем- Оның шығармашылығы сан қырлы, 2-жай сөйлем- ол тарихи тақырыпта  да,  түрлі жанрда портрет пен пейзаждар жасады ).

ІІ топ – «Атақты суретшінің шығармашылық қызметінің 15 жылдығына арналған тұңғыш көрме өтеді және сол жылы суретшіге өнер қайраткері атағы беріледі.»(ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем, «және»жалғаулығы арқылы жасалған…)

ІІІ топ – «Алматыда атақты суретші шығармашылығына арналған мемориалдық зал ашылып, 1984 жылы мемлекеттік өнер мұражайына Әбілхан Қастеевтің есімі берілді»(мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем, 1-жай сөйлем баяндауышы –ЫП жұрнағы арқылы жасалып тұр).

Мұғалім:

Жақсы, балалар, енді мына бір тапсырманы орындайық…(үлестірме бойынша)

Тапсырма: Берілген жалғаулық бойынша сөйлем құрап,сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру

_______________,бірақ__________________________

_______________,өйткені_________________________

_______________ да,_____________________________

 

Келесі үлестірме карточка

Тапсырма: Адасқан сөздерді орнына қойып,сөйлем мүшесіне талдау

І топ

негізін салушы,Ол,өнерінің,сурет.

ІІ топ

оқуын,Ресейде,Ә.Қастеев,жалғастырды,1934 жылы.

ІІІтоп

жұмыстарын,Оның,көптеген,көруге болады,сурет көрмелерінен.

Пердеде дұрыс жауабы тұрады,кейін соны тексеру.

 

ІҮ  Сабақты бекіту

Ой-толғам жасау,ол «Менің армандаған мамандығым»атты эссе түрінде болмақ.

Мұғалім:

Ал, балалар ,өздерің байқағандай,қазақтың ұлы,әрі алғашқы суретшісі Әбілхан аталарың жайлы біраз мәлімет алғандаймыз, яғни ол 1904 жылы туып,1973 жылы дүниеден өтті.Осы аралықта ол қаншама жаңа туындылар өмірге әкелді.Оның барлығы адамның ықыласына, алдына қойған мақсатына, арманына байланысты болған шығар.Ол кісі де кішкентайынан суретші болуды армандаған шығар,міне соған жету үшін көп жұмыс жасады,мақсатына жетті.Мүмкін, сендердің де армандарың бар шығар.Мен бүгінгі сабағымызды сіздердің бірауыз ой-толғамдарыңызбен аяқтағым келіп отыр.Соған орай берілетін тапсырма «Менің армандаған мамандығым»атты эссе жазу.Әр топқа 5 минуттан  уақыт беріледі.Араларыңыздан бір оқушы жұмысын таңдап алыңыздар, ол әрине өз ойын оқып берсе.

Оқушылардың жұмысын тыңдау

Ү           Сабақты қорыту

ҮІ         Оқушылады  бағалау

ҮІІ       Үйге тапсырма : «Қазақстан суретшілері»тақырыбында диалог дайындау

 

 

Добавить комментарий

сабақ жоспары

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

Қ. Рысқұлбеков атындағы  № 33 орта  мектебінің

Бастауыш  сынып мұғалімі

Кайсанова Санияш Наурызбаевна

 

Сабақ тақырыбы: Г г дыбысы мен әріпі
Сабақтың мақсаты: 1.Білімділігі:Оқушыларға Г г дыбысы мен әрпін таныту, сөз ішіндегі г дыбысының ерекшелігін меңгерту, г дыбысы арқылы берілген сөздерді оқыту, жаздыру. 2. Дамытушылығы: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, шығармашылық қабілеттерін, жұмбақ шешу, жаңылтпаш айту арқылы тіл байлықтарын дамыту. 3. Тәрбиелілігі: Отанын, елін сүюге тәрбиелеу, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, рольге бөлу, ой қозғау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын, т.б
Сабақтың жүрісі: 1. Ұйымдастыру. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап-таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап,
Отырайық партаға.
2. Өткен сабақ.
а) – Қандай тапсырма берілді?
— Кім кінәлі? Өлеңі.
(мәнерлеп оқыту, жатқа сұрау, рольге бөліп ойнату, қара сөзбен мазмұнын сұрау).
ә) – Қандай әріппен таныстық? – Ү
— қандай дыбыс? – дауысты,жіңішке
Үкі, үйрек (суреттерін іліп, дыбыстық талдау жасату)
Неше әріп, неше дыбыс бар?
3. Бекіту сұрақтары.
1. Жалпы дыбыстар нешеге бөлінеді?
— 2-ге, дауысты, дауыссыз
2. Дыбысты не істейміз?
— естиміз, айтамыз.
3. Әріпті не істейміз?
— көреміз, жазамыз
4. Әріптерден не құралады?
— сөз
5. Сөзден не құралады?
— сөйлем
6. Сөйлем қандай әріппен жазылады?
— бас әріппен
7. Сөйлемдерден не құралады?
— мәтін
4. Жаңа сабақ.
— жақсы, жаңа сабақты бастамас бұрын мен сіздерге жұмбақ жасырайын
Аналарға сыйлайтын
Аралар бал жинайтын
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын. ( гүл )
— Гүл – дегенде қандай дыбыс естіп тұрсыңдар? – Г
Олай, болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Г г дыбысы мен әрпі
Гі-гі айту
Г дыбысы туралы түсінік
1.дауыссыз дыбыс
2.ұяң дыбыс
3.сөзд.б.к
4.сөзд.орт.к
5.тіл арқылы жасалады
6.шұғыл айтылады
Гүл туралы айту
Гүл күлтесін құрау
5.Ой қозғау
Гүл – әсемдік символы.Гүлді мерекеде,тойда,қуанышта,туған күнде бір-бірімізге сыйлаймыз.
6.Бағандағы сөздермен жұмыс
Е гін – егіс алқабы,бидай егетін алқап
Е геу – үй шаруасында қолданылатын құрал
Е гіз – бірге туған екі адам
Се гіз – сан,жетіден кейін келетін(математикада алдынғы уақытта өтеміз)
Ке ре ге – киіз үйдің бөлігі(шаңырақ,уық,кереге)
Бе те ге – шөптесін өсімдік(бетегеден биік, жусаннан аласа)
Ше ге – үй шаруашылығына пайд.ағаш қағ.зат
Не ге – сұрақ
Шең гел – тікенді өсімдік
Мез гіл – уақыт,жылдың төрт мезгілі бар
7.Оқулықпен жұмыс
8.Сергіту сәті
9.Ақ көгершін әнімен танысу
10.Жаңылтпаш айту
11.Тізбектеп оқыту
12.Дәптермен жұмыс
Бас әріп, кіші әрпін жазу
13.Суретті диктант
14.Ойын ол не?
15. Бекіту әрі оқу әрі ойын «Не өзгерді?»
16 Үйге: Бағандағы сөздерді оқу.
17.Қорытынды,мадақтау. Ақ көгершін әніне оқушылар билеу,әуенін тыңдау.

 

 

Добавить комментарий

Пәндер

Шығыс Қазақстан Облысы

 Семей қаласы

Қ. Рысқұлбеков атындағы  № 33 орта  мектебінің

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

Курмашева   Бахытгуль   Нурмухановна

Сабақтың тақырыбы: Пәндер

Сабақтың мақсаты:

           Білімділік. Жаңа сөздерді меңгеру және оларды дұрыс қолдана білу, сұрақтарға жауап беру, сөйлемдерді құрастыру, өз ойын жеткізу білу.

           Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын және ойлау,есте сақтау қабілеттерін  жетілдіру.

           Тәрбиелігі: Оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, болашақта ағылшын тілін еркін игере алуларына көмектесу.

Сабақтын түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың амал-тәсілдері: Түсіндіру, баяндау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақтамен слайдтар көрсету, сөзжұмбақтар шешу, кесте толтыру.

Сабақтың барысы:

     1.Ұйымдастыру кезеңі:     а Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

                                                  ә Сынып тазалығына мән беру.

                                                  б Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

    2. Ұй тапсырмасын тексеру: 12 жаттығу, сөздік сұрау.

    3. Ұй тапсырмасын бағалау.

    4. Жаңа тақырып: Пәндер.

     А) look at the blackboard


                   

                                        Maths                       English

                 History



                                                                                        Computer

                                                                                           studies

        

Art

 


                                                                                      Russian

                                                                     

                 Biology                 Geography

A)The new questions of our lesson:



               What are they?

           Қандай сабақтар?

          Are you good at Mahts?

         Сен математикадан жақсысың ба?

 


 

       Word box

 

 

                    

b) listening to music: « Days of the week » 

5. Answer the questions:

a) When have we got Maths?

b) When have we got English?

c) Are you good at History?

6. Кітаппен жұмыс: диалог оқу 80 бет, 4 жат.,8 жат. (жазу) 81 бет

7. Сергету сәті: өлең айту және билеу.

8. Диалог құрастыру (2 оқушы бір-бірімен диалог құрастырады)

9. Сөзжұмбақ шешу:

3) Сәрсенбі

5)Жұма                                 

2)Сейсенбі

7)Сенбі

6)Жексенбі

1)Дүйсенбі

4)Бейсенбі                          

10. Кесте толтыру: Time-table








    Time

  Monday

  Tuesday

Wednesday

 Thursday

   Friday

13:30-14:15

Russian

Marths

Kazakh

English

Marths

14:20-15:05

Marths

Geography

Marths

Russian

Music

15:15-16:00

Biology

English

Art

Literature

Biology

16:05-16:50

Art

Kazakh

PE

History

PE

16:55-17:40

PE

Literature




11. Тест орындау: 

1) Do you like History?

А. Yes, I am.

B.  Yes, it is.

C.  Yes, I do.

2).When is Art?

A. Two.

B. On Monday.

C. History.

3) How many lessons have we got?

A. Yes, I am.

А. Two

C.  Five

4)  Are you good at Maths?

A.Yes, I am.

B. Yes, I do.

C.  Two

5) When has Omar got English?

A. Two

B. On Tuesday

Yes, I am.

12. Put the words in the correct order and make questions.

1 you English do like?

2 subjects you what do like?

3 have when got you Maths?

4 like do you History?

5  good at you are Maths?

13.Қорытындылау:  а) бағалау  b) үй тапсырмасын беру: 9 жат.,82

Добавить комментарий

Өтілген материалды пысықтау

ШҚО

 Семей қаласы

Қ. Рысқұлбеков атындағы  № 33 орта  мектебінің

Бастауыш сынып мұғалімі

Куанышпаева Жанар Сайлаубековна

Тақырыбы: Өтілген материалды пысықтау.

Мақсаты: Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайтудың тәсілдерін пысықтау, өтілген есептеу тәсілдерін, оларды есеп шығару кезінде қолдана білу дағдыларын арттыру, білімдерін тиянақтау.

Оқушыларды дұрыс есептеуге, өз бетінше ойлау қабілетін дамыту, ойын арқылы ой-өрісін жетілдіру.

Ата-ананы, туған-туысқанды сыйлай білуге тәрбиелеу, отбасында жақсы қарым-қатынас жасай білуге үйрету, жанұя сыйластығына тәрбиелеу.

Типі: пысықтау, бекіту.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, тиянақтау, ребус, сөзжұмбақ, жұмбақ.

Пән аралық байланыс: ана тілі, қазақ тілі

Көрнекілік:отбасы мүшелерінің суреттері, ребус, сөзжұмбақ, фигуралар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру.

-Бүгін өте ерекше күн, себебі біздің сабағымызға  қонақтар келіп отыр. Олай болса, алдымен қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге де сіз

Кішіге де сіз

Бар адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

ІІ. Психологиялық дайындық.

-Математиканы-Абай атамыз ғылымдар патшасы деген екен, яғни математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз.Қазір математика сабағы.Математика сабағына дайын болу үшін не айтушы едік?

-Есептеуді білмейтін адам,

                     Түк сезбейтін надан.-деп хормен айтады.

Яғни сабаққа бар зейінімізді аударамыз, белсене қатысып, өз білімдерімізді көрсетуге тырысамыз.Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Өтілген материалды пысықтау». Мақсатымыз: алған білімдерімізді тиянақтау.

ІІІ.-Қазір мен сендерге бір жұмбақ жасырамын, мұқият тыңдаймыз.

Маған да, саған да

   Жақын туыс бес адам

Үш әріптен тұратын

                                               Оңға оқы, солға оқы

                                               Өзгермейді еш одан

                                              Бәрі де өз жұратың

                                Айтады қане кім атын? (ата, апа, ана, аға іні)

-Дұрыс айтасыңдар.Ата, апа, ана, аға, іні бір сөзбен қалай айтуға болады?

-Қазір барлығымыз жайғаса отырып, көзімізді жұмып өзіміздің отбасымызда тату-тәтті жанұямызды елестетеміз.Бәріміз демалыс күні үйдеміз. Отбасы мүшелері түгел үлкен дастархан басында жиналдық деп ойлайық.Бәріміздің жүрегімізде қуаныш, бір-бірімізге сүйіспеншілікпен, сыйластықпен қараймыз.Күн сәулесі де үй ішін күн шуаққа бөлеп тұр.Қандай тамаша, қандай қуаныш күн!

-Ал, балалар, көзімізді жайлап ашайық.Кім айтады, көз алдында не елестетің?

-«Адам өмірі отбасынан басталады» демекші, бүгінгі сабағымызды өз отбасымызда отырғандай сезімде болып, жанұямыздағы адамдарды бәрін дастархан басына шақырайық. Ол үшін олардың тапсырмаларын орындауымыз керек. Дайынсыңдар ма?

-Отбасындағы ең мәртебелі адам кім? (Ата, әже)

-Ендеше, Атаның тапсырмасын орындайық.

 Үй тапсырмасын тексеру.180 б. №3, №5

Есеп:  І.45-(17+19)=9 (г)       ІІ. 45-17-19=9 (г)

100-18=82      39+48=87      95-27=68       14+67=81        18+32=50       47-19=28

Атаның тапсырмасын орындап болдық, сондықтан атамызды төрге отырғызамыз.

-Енді, дәптерлерінді тапсырыңдар.№2 дәптерлерінді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар.Кеудемізді көтеріп, шынтағымызды парта үстінде, дәптерлерімізді көлбеу қойып, әдемі, көркем жазамыз. Көркем жазу-57 саны.

ІҮ. –Енді әженің тапсырмасын орындайық.

-Әже туралы кім тақпақ айтады?

-Балалар, жер бетінде ең ақылды, ең күшті кім? (Адам)

-Ал, сендер күшті, зерексіңдер. Ендеше біз өз білімізге сеніп «Миға шабуыл» деген ойынмен бастайық. Ұжымды түрде жұмыс істеу үшін ребусті шешейік.

«1лік пен к3  керек». Осы ойында өзіміздің білімімізді көрсетейік, әр сұраққа жауап берген бала жұлдызшалар мен фигураларды алады.Сабақтың соңында бағаланады.Ой ұшқырлығына берілген.

1.Ағаш басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?

2. Есеп-жұмбақ

11 түйе, 5 жылқы

2 сиыр, 1 ешкі

2 қоян, 3 түлкі

Таба алмасаң бол күлкі. (24)

3. «Тізбек» ойыны.Қатар бойынша жарысамыз.

І. 85-20=65+15=80-10=70+23=93-12=81-71=10+45=55-45=10

ІІ.94-20=74+14=88-18=70+16=86-13=73-51=21+25=46-26=20

ІІІ.76-20=56+14=70-30=40+29=69-14=55-24=31+24=55-25=30

Әжемізді дастархан басына отырғызайық.

Ү. –Сенің отбасында арқа сүйер кім? (әке-ана)

-Әке туралы мақал-мәтел білесіңдер ме?

-Ендеше, әкенің тапсырмасын орындайық.

-Балалар мынау не? (кесінді, үшбұрыш, төртбұрыш, шаршы, көпбұрыш)

-Бір сөзбен бұларды қалай айтамыз? (геометриялық  фигуралар)

-Шаршы мен төртбұрыштың айырмашылығы неде?

-Периметрін қалай табамыз?

Оқулықпен жұмыс. 181 б. №1 Қатар бойынша өз бетімен жұмыс.

Равсд=12 см               Рмнк=7 cм                Рклмно= 11 см

-Әкемізді дастархан басына отырғызайық.

ҮІ. –Отбасымызда мейірбан жан кім? (Ана)

-Ана туралы кім өлең, тақпақ біледі?

-Ананың тапсырмасын орындайық.Есеп шығару №2.

-Есепте не жайлы айтылады?

-Не белгілі?

-Не белгісіз?

-Есепте нені сұрайды?

-Қысқаша шартын жазамыз, шешеміз. (39-(17+16)=3(м)

-Қане, балалар, сендердің ата-аналарын бар.Олар жұмыс жасайды.Үйге табыс әкеледі.Сол әкелген табысты сендер қалай пайдаланасыңдар? Мысалы ата-анаң 100 теңге берді дейік. Сен оны қалай жұмсар едің?

-Олай болса, біз ата-анамыздың табысын үнемдеуіміз керек. Шашып ұстау жаман әдет.Берген ақшаны керектіге жұмсау керек.

-Анамызды дастархан басына отырғызайық.

ҮІІ. Сергіту сәті.     Бір үйде біз нешеуіміз?

                                   Кел, санайық екеуіміз

                                  Бас бармағым-әкем,

                                 Балаң үйрек-анам,

                                Ортан терек-ағам,

                               Шылдыр шүмек-мен

                              Кішкентай бөбек-сен!

                                      Бір үйде біз нешеуіміз?

                                     Бір үйде біз бесеуіміз. 

       

  ҮІІІ.-Ағаның тапсырмасын орындайық. 

-Балалар, баған түрінде қосуда және азайтуда нені есімізге ұстаймыз?

-43+27 өрнекті бағандап орындау тәсілін  кім түсіндіреді?

«Кім жылдам?» ойыны

58+39=97           100-27=73          90-24=66             36+14=50

-Ағаны дастархан басына отырғызамыз.

ІХ.   Апайымның тапсырмасын орындайық «Гүл құрастыру».

-Гүлдің артында тапсырманы орындау.Салыстыру.№5

-Апайымызды дастархан басына отырғызамыз.-Міне, біздің отбасымыз.

-Сенің басты міндетің-барлық туыстарына құрметпен қарау.Яғни, ата-анаңның, ата-әжеңнің пікірімен есептесу, олармен ақылдасып отыру, оларды сыйлау.

Х.Сабақты қорыту.

-Бүгінгі сабағымызды бекітейік.Сөзжұмбақ шешу.

1. Барлық қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.Ол не?

2.+, — нелер?

3.100-92=?

4.>-таңбаның атауы.

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі.

6. ?-4=6 азайтудың қай компоненті белгісіз?

7.Барлық қабырғалары тең пішін?

8.Уақыт өлшем бірлігі?

9. ?+6=10 қосу амалының қай компоненті белгісіз?

10. 50-х=15 –бұл не?

Бүгінгі тапсырмалар орындау арқылы туған-туысқандарымызды, ата-анамызды сыйлап, құрметтеу керектігін көрсеттік.

ХІ. Үйге тапсырма беру. 182 б. №6 а, ә , №7

ХІІ.Бағалау.

ХІІІ.  «Сөз құрастыру» ойыны.

7+6-Р   40-13-А    16+29-Х    69-11-М           67+15-Е         68+32-Т  




13

27

45

58

82

100

Р

А

Х

М

Е

Т

Әр санға сәйкес әріптерді қой.

Добавить комментарий

Зат есім

Шығыс Қазақстан Облысы,
Семей қаласы  «№ 11 ЖОББМ» КММ

Кадиркешова  Зауре  Кадархалиевна
    

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: оқушыларға сөздерді топтастыру, зат есім жайлы толық мәлімет
бере отырып олардың ой-пікірін калыптастыру.
ә) дамытушылық: ой-өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылыққа баулу.
б) тәрбиелік; елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа,
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ-жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.
Сабақтың көрнекілігі: дид. материалдар, кестелер, кеспе қағаздары, тірек сызбалар.
Сабақтың формалары: жеке баламен, топпен, сынып ұжымымен жұмыс жүргізу.
 
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың өтілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Сәлемдесу.
2. Кезекші мәлімдемесі. 
З. Журнал бойынша түгелдеу.
4. Жаңа сабаққа дайындық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
\»Қайталау-оқу анасы\»,
Мақалдың бір данасы. Өткенді еске түсірсең, Ешкімнің жоқ таласы.
Бүгін біздің сабағымызда халқымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы қонақта. Біздің тобымыздың аттары ұлы ақынның \»Ғылым таппай мақтанба\» атты өлеңіндегі бес асыл іске қатысты екені бұрыннан белгілі. Сондықтан сыныпты мен топқа бөліп жарыс түрінде өтемін.
Әр топ сынып бөлмесі ішінде белгіленген орынға бөлініп отырады. Топтың аттары жазылған белгі партаға қойылады. Әр топ жетекшісі өздерінің тобын төмендегі шумақтар арқылы таныстырды.
1. \»Талап\» тобы —————————2. \»Еңбек\» тобы
Талабың болса тайсалма, ————Еңбек етсең ерінбей,
Өзіңді өзің байқа да, —————— Еңбегің қалмас көрінбей.
Талаптансаң жеңесің —————— Зор табысқа кенелтер
Қиындықты қашанда. —————— Құлшына еткен еңбек қой.
3. \»Терең ой\» тобы ————————4. \»Қанағат\» тобы
Терең ой сенің қанатың, ————— Қанағат — асыл қасиет,
От болып ылғи жанатын. ————— Адал жүректі ақниет.
Білімділігінен іскерлік, —————— Қанағатшыл бол әр қашан,
Сені іздеп те табатын, ———————Пайдасы тиер сан рет.
5.\»Рақым\» тобы
Рақым — сенің ұятың,
Бетіндегі асыл ұятың.
Рақымды болса әр адам
Жанында ылғи болатын.
Үй тапсырмасына қатысты жұмыстар төмендегідей болады. Топ басшысы өз тобындағы бір оқушысына тестік тапсырманы орындауды тапсырады. Тестік тапсырмалар өр топқа бір-бірден берілді.

\»Талап\» тобына. Ашық буынды сөздерді табыңдар.
а. Орман ә. Мектеп б. Алша в. Дөптер г. жаңбыр

\»Еңбек\» тобына қос сөзді табыңдар.
а. Бесжылдық .ә. Әп-әдемі б. Қара көк в. Қос құдық г. Әдемілеу

\»Терең ой\» тобына біріккен сөзді табыңдар.
а. Механикалық ә. Итмұрын б. Шаруашылық в. Ұзынды-қысқалы г. Демеуші

\»Қанағат\» тобына. Тіркес сөзді табыңыз.
а. Қой бағу . ә. Қой мойын б. Күй аты в. Ойынды қой г. Балалар келеді

\»Рақым\» тобына қысқарған сөзді табыңдар.
а. Қолғанат ә. Медколледж б. Медетбек в. Қорықтық г. Сапарлас.

Фонетикалық талдау жұмысы. Бұл тапсырма топтың басқа бір мүшесіне орындауға беріледі. Әр топқа бір-бірден төмендегі сөздер:
1) оқушылар 2) сыныпта 3) көгершін 4) жапырақ 5) достары.

Әр топтан тапсырма алған оқушы төмендегі математикалық теңдеу бойынша орындайды. Берілгені: Оқушылар
Шешуі: 0 = — 8 = 4(0, у, ы, а) / 4(қ, ш, л, р)
Әр топтан жауап берген оқушылардың жауабы топ жетекшілеріндегі бағалау жауап парағына түсіріледі.
Жауап парағының үлгісі
Реті —— Жауап берген ———- Әр жауаптың бағасы
———— Оқушының аты ———\»5\» \»4\» \»3\» \»2\»
1.
2.
Үй тапсырмасын жоғарыдағы жұмыс бойынша топ жетекшілері арқылы қорытып шығамын.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға «Сөздерді топтастыру. Зат есім» тақырыбы жайлы түсіндіремін.
Сөздердің білдіретін мағынасына, түрлену тұлғасына, қойылатын сұрағына, сөйлемде
атқаратын қызметіне қарай топталуын сөз таптары деп атайды. Қазақ тілінде 9 түрлі сөз
табы бар. Олар: зат есім, сын есім, сан есім, етістік, есімдік, үстеу, еліктеу сөздер, шылау,
одағай. Зат есім.
Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?) тау (не?), ауыл (не?), т. б.

Зат есім жалпы есім және жалқы есім болып екіге бөлінеді. Біркелкі заттардың жалпы атауы жалпы есім деп аталады. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты жалқы есім деп аталады. Мысалы, кісі, адам, деген жалпы адам атаулыға тән ат болса, Сұлтан Бейбарыс, Нұрсұлтан дегендер адам атаулының бәріне емес, жеке кісілерге ғана қойылған. Жалқы есім, әдетте, жеке кісінің аты-жөні, мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, көше, ұйым, мекеме, т. б. жеке аттары, географиялық атаулар, әр түрлі шығарма аттары, мал, құс, хайуанаттарға арнайы қойылған аттар болып келеді. Жалқы есімдер бас әріптен басталып жазылады.
ІҮ. Міне, осылайша жаңа сабақты түсіндіріп болған соң жаттығу жұмыстарын орындатамын. Алғашқы орындалатын тапсырма: 118-жаттығу жұмысының орындалу шартын түсіндіремін: Өздерің білетін жалқы есімдерді естеріңе түсіріп, дәптерлеріңе жазыңдар.
Келесі тапсырма: өзіндік жұмыс. Жер, су, географиялық атауларды қатыстырып он сөйлем құрап жазыңдар.
Ү. Келесі тапсырма: өзіндік жұмыс. Газет, журнал, кітап, ән, күй, шығарма аттарын қатыстырып он сөйлем құрап жазыңдар.
ҮІ. Сабақтың қорытындысы:
1. Сұрақ қою арқылы жаңа сабақты қорытындылаймын.
2. Оқушылардың берген жауаптарына қарай білімдерін бағалаймын.
ҮІІ. Үйге тапсырма: өзіндік жұмыс. Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып
«Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

Добавить комментарий

Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1.Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау;
2.Оқушылардың логикалық ойлау, шығармашылық қабілеттерін шыңдау үшін ойындар ұйымдастыру;
3.Тұңғыш қазақ мемлекетінің негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалауға патриотизмге, өз Отанын ,елін-жерін қорғауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс, ойын элементтері, «Алтын қақпа» ойыны
Көрнекілігі: видеопроектр, карта, суреттер, сызба-нұсқалар
І.Ұйымдастыру кезеңі Сыныпты 3 топқа бөлу.
І топ. «Хандар»
ІІ топ. «Батырлар»
ІІІ топ. «Билер»
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. «Алтын қақпа» ойыны

 

Тас қақпаның сұрағы:

 

Күміс
қақпа

 

Алтын қақпа

 

«Хандар» тобына

Рухани мәдениетке не жатады?

 

Қазақ халқының
қалыптасуында үлкен рөл атқарған ру-тайпалар?

 

Әбілқайыр хандығының
әлсіреу себебі?

 

«Батырлар» тобына

 

ХІҮ ғ сәулет өнерінің ескерткіштері?

 

«Қазақ» сөзі қай ғасырда
этникалық мағынаға ие бола бастады?

Қазақ хандығының құрылуына
қандай факторлар әсер етті?

 

«Билер» тобына

 

Шыңғысханның ұлыстары?

 

Қожа Ахмет Йассауи кесенесін кім және
қандай мақсатпен салдырды салдырды?

 

ХV ғасырда қандай мемлекеттер өмір
сүрді?

 

ІІІ. Жаңа сабақ
Өткен сабақпен байланыстыру
Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдеуі 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды.
Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді.
1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында , қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.
Қазақ хандығының құрылуына себеп болған тағы бір жағдай Қыпшақ Қобыланды батырдың Арғын биі Ақжолды өлтіруі болды.
Қазақ хандығының құрылуы
1466 жылы Жәнібек пен Керей Қозыбасы жерінде Қазақ хандығының негізін қалады.

Шыңғыс хан — Жошы хан — Тоқай Темір — Өз Темір- Қожа – Бәдіғұл — Орыс хан
Тоқтақия
Болат Құйыршық
Керей Жәнібек

Қазақ хандығы
Ақсүйектер Қарасүйектер

Видеопроектр арқылы суреттер көрсету.

Топтарға тапсырма беру.

І топ. «Хандар»
Қазақ хандығының құрылу процесі
ІІ топ. «Батырлар»
Қазақ хандығының аумағы мен халқы
ІІІ топ. «Билер»
Қазақ хандығының сыртқы саясаты
(Электронды оқулықтан картаны көрсету)
ІV.Бекіту кезеңінің сұрақтары:
1. Венн диаграммасы
«Хандар» тобы Керей мен Жәнібекті Н.Назарбаевпен салыстырады
«Батырлар» тобы Қазақ хандығын Қазақстан Республикасымен салыстырады
«Билер» тобы Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыыстырады
2. Ой-толғау
«Хандар» тобы ханның рөлі
«Батырлар» тобы батырлардың алатын орны
«Билер» тобы билердің рөлі
V. Қорытындылау
Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті, әсіресе қазақ хандығының құрылуы тарихтағы маңызды оқиға. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай айтқандай тарихты білу баршамыздың парызымыз.
VI. Үйге
1. Қазақ хандығының құрылуы процесін сызбаға түсіру
2. Атластағы кескін карта тапсырмасын орындау
3. Керей мен Жәнібек хандар туралы реферат жазу
VII. Бағалау

Жанагүл Дәуенқызы
Қарағанды қаласы, ДБМ «Дарын»

Добавить комментарий