СЕМИНАР – ФОРУМ

Жезқазған қаласы

№13 орта мектебі

жоғарғы санатты биология пән мұғалімі

Ералиева Г.С.

СЕМИНАР – ФОРУМ

            Ықылым замандардан бері елдің елдігі, халықтың халықтығы болып танылатын талантты перзенттеріміз, тарихи дамуда, әлемдік өркениетте өз орнын тапқан ірі ғұламаларымыз аз емес. Адам бірте-бірте өзін өзі қоршаған табиғаттың сан алуан құпия сырларын түсініп білу арқылы өз ағзасын зерттеуге де көңіл бөлді. Сондай атақты адамдар өміріжәне олардың ашқан жаңалықтары жайлы оқушыларға толық мәліметберу мақсатында «Өшпес есім – өлмес мұра» тақырыбында семинар – форум сабағын өткіздім.

            Оқушыларға алдын ала ғалымдар өмірінен тапсырмалар беріп, рөлдерге бөлдім. Сабақ баяндау, ой шақыру, тәжрибе жүргізу, ғалымдар еңбектері туралы фильмдер көрсету арқылы өтті.

            Антонии Ван Левенгук (1632 – 1723). Бимагамбетов Өмірлан)

            Антони Ван Ливенгук 1632 жылы дүниеге келген. Левенгуктың 46 жасына дейінгі өмірі жайлы деректер көп емес. Ол көп білмеді, тек голланд тілінде сөйледі, жалғыз оқыған әдебиетті Библия болды. Тіпті оны қалалықтар сауатсыз деп ойлады. Соған қарамастан Левенгук сондай білімқұмар, өзіне сенімді болды. Оның өміріндегі ермегі линзаларды және қолына түскен заттарды тексеру еді. Мысалға, бұқа көзінің жылтыры, биттің аяқтары, түрлі есілген ағаштар және т.б. заттар болды.

            Оның ең қызық бақылауы микроскопиялық су жасушасының ашылуы болды. Левенгук оны “инфузория (кебісшелі)” деп атады.

            1680 жылы Левенгук Лондондағы корольдік қоғам мүшесінің бірі болды. Сол жерде 50 жылдай өзінің бақылауларын хат түрінде жіберді.  Соның нәтижесінде хаттары “Табиғат құпиялары” атты кітапта жарияланды.

            Тәжрибені демонстрациялау: Айтенова Фариза, Ахметова Сағыныш.

            Левенгук лупамен қарағанда еттің, дәрілік, айтқанда бұлшық еттің микраскопиялық талшықтардан тұратынын анықтады. Қантамырлар қабырғасындағы және ішкі құрылыс мүшелерінде орналасқан тегіс бұлшық еттерге қарағанда, аяқ-қол мен дене бұлшық еттері көлдеңен сызықты бұлшық еттерден тұрады, сондықтан да оларды көлденең жолақты бұлшық еттер деп атайды.

            Бірақ Левенгуктың адам өмірінде және табиғаттағы маңызы рөл атқаратын жаңалығы, ол – тірі ағзалар әлеміндегі ұсақ микроағзалардың бар екендігін дәлелдейді. Жай көзге көрінбейтін ұсақ микроағзалардың  жұқпалы аурулардың таралуының басты себепші екеніне көз жеткізді. Ең алғашқы микроскоптарды көрген – Левенгук. Ол өз қолымен ұлғайтқыш шыныларды жасап үйренді. Бірақ бұл микроскоп емес еді, микроскоп кейіннен ойлап шығарылды.

            Левенгуктың “микроскобы” – шын мәнінде өте жақсы лупа ғана болды. Ол 250-300 есе үлкейтіп көрсетті. Левенгуктің линзалары мен ұлғайтқыш әйнектері өте кішкентай, яғни түймедей болды. Онымен қолдану қиын болды. Кішкентай әйнектерді көзге таяп, көру арқылы пайдаланды. Бұған қарамастан, талантты және еңбекқор голландық ғалымның зерттеуі үлкен дәлдікпен ерекшеленді. Сонымен қоса жас кезінде Левенгук ұлғайтқыш әйнектерді жасап үйренді, ол осы іспен айналысып, таңғаларлық өнерге қол жеткізді. Левенгук Лондондағы корольдік қоғамға өзінің көргенін былай деп жазды: “Мен қатты таңғалумен микроскоптан өте кішкентай жануарларды бақыладым, тіпті бұған сену мүмкін болды, егер оларды өз көзіңмен көрсең”.

            А. Левенгук системалық білім алмаған еді, бірақ өзінің талабы мен ерекше еңбекқорлығы арқасында көптеген жетістіктерге жетті.

            Левенгук 50 жасқа таянғанда Лондон корольдік қоғамына ұзақ хаттар жіберіп жүрді. Бұд хаттар басында ғылыми журналдарда басылды, содан кейін “Табиғат құпиялары” атты үлкен кітап болып басылып  шықты. Ол уақытта биологияның даму деңгейі төмен еді. Жауарлар мен өсімдіктер дамуын бақылайтын негізі заңдар мәлім емес еді. Ғалымдар жануарлар менм адам құрылысы, функциясы туралы аз білетін еді.

            Левенгук алғашқы жаңалық ашқандардың бірі еді. Ол кішкене қан тамырларындағы айналымдарды алғаш көрді. Ол замандастары ойлағандай қан біржарты сұйықтық емес, онда көптеген кішкене бөлшектер қозғалатынын анықтады. Қазір оларды эритроциттер деп атайды.

            Левенгук 1723 жылы қайтыс болды және оның ең соңғы өтініші – Лондонға латын тіліне аударылған, әрі соңғы бақылаулары жазылған екі хатты жіберу еді.

            Грегор (Иоганн) Мендель (1822-1884).  (Нұрғалиева Данагүл)

            Грегор Иоганн Мендель Австриядағы Гейзендорфта 1822 жылы 22 маусымда шаруа отбасында  дүниеге келген. Ол бастауыш мектепте оқып жүрген кездің өзінде, аса зор математикалық қабілеті бар екендігін білді және мұғалімдерінің ұсынысы бойынша Опава қалашығына жақын жердегі шағын гимназияда оқуын жалғастырды. 1843 жылы Мендель монастырға оқуға түсті және Грегор деген атты иеленді. Төрт жылдан соң монастырь жиырма бес жастағы монах Мендельді орта мектептің мұғалімі етіп жіберді. Одан кейін 1851-1853 жылдар аралығында Вена университетінде жаратылыстану ғалымдарын оқып үйренді, ол физикаға ерекше көңіл бөлді. Университетті бітіргеннен кейін, ол Брно қаласындағы реальды училичеде физика мен жаратылыстанудан сабақ берді.

            Грегор жас кезінен бастап жаратылыстану ғылымына қызықты. Кәсіби биолог-ғалым ретінде емес, қызығушылықпен үнемі сан алуан өсімдіктермен және бал араларымен тәжрибелер жасап жүрді. 1856 жылы ол асбұршақты будандастыру және белгілердің тұқым қуалауын талдау жөніндегі классикалық жұмыстарын бастады.

            Тәжрибені демонстрациялау: Дәулетбаева Ақбота (I заңы), Ержігітов Жасұлан (II заңы).

            Мендель монастырь бақшасының шағын ғана, гектардан екі жарым есе аз жерінде еңбек етті. Ол бұршақты сегіз жыл қатарынан егіп, бұл өсімдіктің жиырмадай түрінің гүлінің түсі, тұқымдарының сыртқы пішіні түрліше топтарын алмастырып, он мыңдаған тәжрибе жасады.

            Қасиетті Томаш монастырында тіршілік аяндап өтіп жатты. Грегор Мендель барынша табанды, байқағыш және өте шыдамды болды. Будандастырудан алынған өсімдіктердің тұқымдарының пішіндерін зеттей отырып, ол тек бір ғана белгігің берілу заңдылығын түсіну үшін 7324 бұршаққа талдау жасады. Әрбір бұршақ  тұқымын ол лупамен қарап, олардың пішінін бір-бірімен салыстырды және оны жазып отырды.

            Мендель ағзаның ата-аналарынан ұрпақтарына жыныс жасушалары арқылы берілетін әрбір белгісі тұқым қуалаушылық факторларымен, нышандармен анықталатын дәлелдеді. Будандастыру нәтижесінде тұқым қуалаушылық белгілердің жаңаша түрде пайда болуы мүмкін және мұндай жаңа үйлесімділіктің көріну жиілігін алдын-ала болжауға болады.

            Ғалымның жұмыстарының қорытынды нәтижесі мынадай сипатта болды:

—          Бірінші ұрпақтағы барлық буданды өсімдіктер біркелкі болды және ата-анасының біреуінің ғана белгісі көрініс береді;

—          Екінші ұрпақтағы буындардың ішінде әрі басым, әрі әлсіз белгісі бар өсімдіктер кездеседі және олар 3:1 арақатынасындай дәрежеде болады;

—          Ұрпақтағы екінші белгі тәуелсіз болады; екінші ұрпақта барлық үйлесімде кездеседі;

—          Белгілері және олардың тұқым қуалаушылық нышандарын ажырата білу қажет;

—          Аталық және аналық гаметалар белгілердің нышандарын алып жүретін кездейсоқ арақатынаста қосылады.

—                      Брно қаласындағы Жаратылысты зеттеушілер қоғамы деп аталатын провинциалды ғылыми үйірмелердің 1865 жылғы ақпан мен наурыздағы мәжілісінде сол қоғамның қатардағы мүшесінің бірі Грегор Мендель 1863 жылы аяқталған өзінің көп жылдық зеттеулерінің қорытындысы туралы хабарлама жасады. Баяндамасын үйірме мүшелері салқын қарағанына қарамастан, ол өз жұмысын басып шығаруға бел байлады. Ол 1866 жылы қоғамның еңбектерінде “Өсімдік буындарына жасалған тәжрибелер” деген атпен жарық көрді.

Мендель 1884 жылы 6-қаңтарда сол монастырда бола жүріп, бұршақпен өз тәжірибесін   жүргізген жерде қайтыс болды.  Өз замандастарының ескермегеніне қарамай, ол өзінің әділдігіне еш кақытта күмән келтірген жоқ. Ол “Менің уақытым әлі-ақ келеді” деп айтты. Оның бұл сөздерін тәжірибелерін жүргізген монастырдың бақшасының алдында қойылған ескерткішіне ойып жазылды.

Ғалымға сұрақ: Г. Мендель тәжірибесінің құндылығы неде?

Александр Флеминг (1881-1955).  (Төлегенов Ержан)

1881 жылы Эйршир графствосында Хью Флеминг отбасында, оның екінші әйелі Грейс Флемингтен дүниеге келді. Ол әкесінің жетінші, ал анасының үшінші перзенті болды. Александрдің жеті жасында әкесі қайтыс болады, ферманы басқаруды анасы өз қолына алады. Анасына Флемингтің үлкен ағасы Финта көмектеседі. Александр ферма маңына жақын орналасқан ауыл мектебінде оқиды. Кейін Килмарнок академиясына оқкға түседі. Жас кезінен табиғатқа бақылау жасауға дағдыланады. Ол он үш жасқа толғанда үлкен ағаларының жолын қуып Лондонға барады. Лондонда ол клерк болып жұмыс істеді. 1901 жылы Флеминг мұрагер ретінде 250 фунт серлинг алады, сол кезде бұл аз ақша емес еді. Үлкен ағасының кеңесімен ол медициналық мектепте түсу үшін ұлттық конкурсқа құжат тапсырады. Емтиханда ол ең жоғары ұпай алып қасиетті Мария ауруханасының жанындағы медицина мектебінің степендиаты болады. Флеминг хирургияны оқып, 1906 жылы Лондон университетінде ғылым магитрі және бакалавр дәрежесін алады.

ХХ ғасырда дәрігерлер мен бактериологтар келешектегі үрдіс иммундық жүйенің қасиеттерін өзгерту, күшейту немесе толықтыру әдістерімен байланысты болады деп есептейді. 1910 жылы Паул Эрлихтың сальварсанды ашқан жаңалығы бұл тұжырымды дәлелдей түсті. 1922 жылы тмау ауруының қоздырғыштарын бөліп алуға жасаған әрекеттері сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Александр кейбір бактерияларды жоятын, сау ұлпаларға зиян келтірмейтін лизоцин ферментін ашты. Бірақ лизоцин медицинада пайдаланылмады, өйткені ол аурудың қоздырғышы болмады. Дегенмен бұл жаңалық Флемингтің адам организмі үшін басқа антибактериялық препаратты іздеп табуы қызығушылығын арттырды.

1928 жылы Александр пенициллинді ашты. Пенициллин жайлы ол: “Бұл тиімді антибактериялық субстанция. Ол пиогенді коккилерге және күл аурулары топтарының таяқшаларына айқын байқалатындай әсер етеді.  Пенициллиннің әсеріне сезімтал микробтармен зақымданған жерлері сырттай тазалауда немесе оны ішке жібергенде тиімді антисептик болатынын алдын ала айтуға болады”.

Александр Флеминг 1955 жылы 11 наурызда миокард инфарктысынан қайтыс болды. Оның денесі Лондондағы қасиетті Павел соборында өте құрметті британдықтармен қатар жерленді. Грекияда ғалымның өлген күнін ұлттық қайғымен күн деп жариялады.

Ғалымға сұрақ: Ұлы Отан соғысы кезінде пенициллин қлданылды ма? (Академик Бурденко жарақаттанған солдаттың жарасын емдеді).

Томас Хант Морган (1866-1945). (Абжанов Медет).

Томас Хант Морган 1866 жылы 25 қыркүйекте Кентукки штатындағы Лексигтонда дүниеге келеді. Оның әкесі Сицилиядағы АҚШ-тың консулыЧарльтон Гент Морган, ал анасы – Эллен Кей Морган. Ол ақсүйек отбасынан шықты, бірақ оның бойынан асқақтаушылық немесе көрсеқызарлық қасиеттер байқалмайтын. Томас Кентуккидегі университетке түсіп, 1886 жылы бітірді. Вильиам Кейт Брукстің жетекшілігімен өзінің дипломдық зоологтердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарған дарынды мұғалім болды. ХIХ ғаысдың соңында Морган Амстердамдағы Гугоде Фриздің бағында болып, есекшөптің дефриздік қатарын көреді. Сол кезден бастап мутацияға қызығушылығы басталады.

1911 жылы Томас және оның қызметтестерімен дрозофиламен жүргізілген көптеген эксперименттердің негізінде тұқым қуалаушылықтың өзгергіштігін жасуша ядросындағы хромосомалар тасымалдайтыны дәлелденген нңбектерін жарыққа шығара бпстады. Ол өз тәжірибелерін ұсақ жеміс шыбыны – дрозофиламен жүргізді. Дрозофила жүздеген зертханаларда генетикалық зерттеулердің сүйікті нысанына айналды. Оларды табу оңай болатын, барлық жерлерде таралған, жеміс шырынымен , кез келген шіріген жемістермен қоректенеді, ал дернәсілі бактерияларды жұтады. 10 күн ішінде жұмыртқадан ересек дараға айналады. Даму қарқыны орасан зор. Дрозофиланың өзіне тән тұқым қуалаушылық өзгергіштіктері бар, бұл қасиет генетиктер үшін өте қажет. Оларда хромосомалар аз, бар болғаны 4 жұп, дернәсілдерінің сілекей бездеріндегі жасушаларында өте ірі хромосомалар зеттеу жұмыстары үшін өте ыңғайлы.

Морган жетік қанатты сұр денелі аналық дрозофила шыбынының шала қанатты қара денелі аталық дрозофиламен шағылыстырғанда ұрпақ біркелкілік заңы бойынша дигетерезиготалы аналық шыбынды шала қанатты қара денелі аталық шыбынмен кері шағылыстырғанда екінші ұрпақта төрт түрлі даралар алынған. Олардың пайыздық мөлшері түрліше: 41,5% жетік қанатты сұр шыбын, 41,5% шала қанатты сұр шыбын, 8,5% жетік қанатты сұр шыбын, 8,5%шала қанатты сұр шыбын болған. Алынған ұрпақтың 83%-ы ата-енелік дараларға ұқсас болып, 17%-ы мүлде ұқсамай жаңа белгілерге ие болған. Бұл құбылысты Томас Морган гендердің тіркесуі немесе тіркесіп тұқым қуалау заңы деп атады.

Гомологтық хромосомалар мейоздық бөліну кезінде бір-бірімен айқасып, сәйкес үлескілерімен алмасады. Мұны хромосомалардың айқасуы немесе  кросинговер деп атады. Морган өз шәкірттерімен бірге осы құбылысты зеттеу барысында хромосомалардың картасын жасап, онда гендердің орналасу ретін көрсетуге болатынын дәлелдеді. Қазіргі кезде генетикалық карталар көбірек зерттелген бірқатар өсімдіктермен жануарларға жасалған. Мысалы, жүгері, қызан, бұршақ, бидай өсімдіктеріне, сондай-ақ дрозофила шыбыны, тышқанға, адамға жасалған генетикалық карталар бар.

1930 жылы орыстың атақты ғалымы Николай Иванович Вавилов: “Мендельдің және Морганның тұқым қуалаушылық туралы заңдары қазіргі ғалыми көзқарастардың негізі етіп алынды. Соған сәйкес өсімдіктердің де және жануарлар организмдерінің де селекциялық жұмыстары жүргізіледі. ХХ ғасырдың биологтерінің арқасынан Морган жарқын генетик-экспериментатор әрі ерекше кең ауқымды зерттеуші ретінде көрінеді”, -деп жазған. 1933 жылы Нобель сыйлығын алды.

Томас Хант Морган 1945 жылы 4 желтоқсанда қайтыс болды.

Ғалымға қойылған сұрақтар.

  1. 1.      Дрозафила шыбынын неге генетикалық объект етіп алды?
  2. 2.      Генетикалық карта жасаудың мақсаты неде?  

 

(жалғасы бар)

 

 

 

Биология және салауаттылық негізі

3/2008

 

СЕМИНАР – ФОРУМ

(жалғасы. Басы 2-санында)

            Николай Иванович Вавилов (1887-1943). (Өмірзақова Динара).

            Николай Иванович Вавилов 1887 жылы 25-қарашада Мәскеуде кәсіпкердің отбасында дүниеге келген. Оның әкесі Волоколам уезіндегі шаруадан бастап, ресейлік ірі кәсіпкер деңгейіне дейін көтерілген өмір жолынан өтті. Оның балаларының барлығы да Сергей екі академияның президенті болды.

            1906 жылы ол университетке түсу үшін жаратылыстау ғылымдары бойынша жеткілікті дәрежеде білім алды. Н.И. Вавилов Мәскеу коммерциялық училищесін бітірді. Бұл кезеңде ағылшын, неміс және француз тілдерін жақсы меңгерді. Кейін Николай ауыл шаруашылығы институтына түсті. Бұл кезде Вавилов тек агроном ғана емес, зерттеуші болып та шықты.

            Н.И. Вавиловтың жақын ұстазы атақты биолог Дмитрий Николаевич Прянишников болды. Оның тікелей ұйықты болуының арқасында Н.И. Вавилов өсімдіктер селекциясын зерттеумен айналысты. Академияны бітірген соң Петербургке келіп, қолданбалы ботаника бюросында жұмыс істеді.

            1913 жылы Н.И. Вавилов Англияға барып, онда бірнеше айлар бойы атақты биолог У.Ботсонның зертханасында болды. 1911-1912 жылдары Мертонда және Кембридж университетінің фермасында өзі зерттеу жүргізген өзімен бірге апарған бидай, сұлы және арпа дәндерін екті. Осындай әдіспен ол Мәскеу түбіндегі алынған нәтижелерін қайта тексеруден өткізді.  Англяда өсімдіктердің саңырауқұлақ ауруларына иммунитеті туралы мақаласын жазып бітірді және оны атақты биолог У.Бетсон ұйымдастырған журналда жариялады. Көп жылдық жұмыстарының бір бөлігі болған бұл зерттеуі кейіннен орыс тілінде жарияланды.

            Ерлі-зайыпты Вавиловтар Лондонннан Парижге қоныс ауыстырды. Шетелдегі іссапарының соңғы нүктесі Германия, Иенедағы Дарвин идеясын үгіттеуші атақты биолог-эволюционист Эрнст Геккельдің зертханасы болды. Бірақ тез арада олар ғылыми іссппарын тоқтатуға мәжбүр болып, отанына оралды. Өйткені Еуропада бірінші дүниежүзілік соғыс басталған еді.

            1916 жылы Н.И. Вавилов Солтүстік Иранда, Ферғанада және Памирде болды. Бұл саяхаттарында жас ғалым қызықты ғылыми материалдар жинады. Ол материалдар оның екі ірі жаңалық ашуына мүмкіндік берді. Ол жаңалықтар гомологтік қатарлар заңы және мәдени өсімдіктердің таралу аймақтары еді.

            Көп кешікпей Н.И. Вавиловтың “Өсімдіктердің жұқпалы ауруларға иммунитеті” деген іргелі еңбегі шықты. Бұл еңбегңнде дүниежүзілік ғылымға алғаш рет иммунитеттің генетикалық тамыры талданды. Бұл өте ірі жаңалық болды. Осыдан кейін-ақ Н.И. Вавилов әлемнің жетекші биологтерінің қатарына енді.

            Саратовта жұмыс істеп жүріп Н.И. Вавилов Орта және Төменгі Еділ бойын аралады және сол жерлерден құнды ғылыми материалдар жинады. Өзінің жаңалықтары туралы Н.И. Вавилов алғаш рет 1920 жылы селекционерлердің сиезінде айтып берді. Саратовтағы сиезд ғылым тарихына оның жарқын беттерінің бірі болып енді. Ол аяқтағаннан кейін астанаға жеделхат жіберілді:

            “Бүкілресейлік селекциялық сиезде профессор Н.И. Вавилов нағыз ғылыми және практикалық маңызы бар өзгергіштік теориясының жаңа ғылыми негізі баяндалған, мәдени өсімдіктердің материалдарын зерттеуге негізделген баяндамасы тыңдалды. Бұл теория әлемдік биология ғылымына Д.И. Менделеевтің химиядағы жаңалығына сәйкес келетін ірі оқиға болды. Сиезд Н.И. Вавилов жұмыстарының мемлекеттік тарапынан әрі қарай өте ауқымды көлемде жүргізілуін қамтамасыз ету қажеттілігі туралы қарар қабылдады.

Саратов сиезінен кейін бір жыл өткен соң Н.И.Вавилов АҚШ-та өткен ауыл шаруашылығы  жөніндегі Халықаралық конгресте гомологтік қатарлар заңы мазмұндалған баяндама жасады. Мұхиттың арғы бетінде кеңестік профессордың ашқан жаңалығы газеттің бірінші бетінде жарияланды. Сиезден кейін Н.И. Вавиловтың өзінің тұқым қуалаушылық теориясымен әйгілі болған көрнекті генетик Герни Морганның зертханасында жұмыс істеуіне тура келді.

Гомологтік қатарлар заңының ашылуы биологияны байыта түсті. Сонымен бірге бұл еңбек өсімдік зерттеушілер мен селекционерлерге практикалық мақсаттар үшін, өсімдіктерді терең зерттеп білуге және пайдалануға қызмет атқарады. Н.И.Вавиловтың ізбасарлары біздің елімізде және шетелдерде өткен онжылдықтарда өте мол деректі материалдар жинақтады. Бұл ол ашқан жаңалықтар жалпылығын дәлелдей түсті. Кейінірек Н.И. Вавилов мәдени өсімдіктердің шығу тегінің орталықтары туралы көпшілікке белгілі жұмысын да жария етті.

1924 жылы Н.И. Вавилов Ауғаныстанның оған дейін ешбір еуропалықтардың аяғы баспаған аудандарына экспедиция ұйымдастырады. Бұл арадан ол теңдесі жоқ бағалы материалдар жинайды. 1926 жылы Н.И. Вавилов Еуропа елднрі бойынша үлкен сапарға шықты, сонымен қатар ол Солтүстік Африкада да болды. Ғалым тағы да өзі жинаған өсімдіктердің үлгілерін әкелді. Кейінгі жылдарда Н.И. Вавилов Жапонияда, Қытайда және Оңсүстік Америкада болды. Ол жинаған әр түрлі өсімдіктердің үлгілерінің көптігі соншалықты, оның теориясы толығымен дәлелденді. Оның сапарыеың артынша “Мәдени өсімдіктердің шығу тегінің орталықтары” деген екінші маңызы еңбегі жарық көрді.

Бекмаханбет Айдана ғалымның еңбектерін көрнекіліктер арқылы демонстрациялады.

Вавилов алғашында 8 орталық бар деп ойлаған, бірақ кейінірек 7 негізгі орталықты көрсетті.

  1. 1.      Оңтүстік Азиялық тропикалық орталығы. Тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік Қытай аралдары жатады. Бұл орталық мәдени өсімдіктерге өте бай. Күріш, қант қамысы, көптеген дақылдардың отаны.
  2. 2.      Шығыс Азия орталығы. Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайвань аралы, Корея – сояның, тарының бірнеше түрлерінің, көптеген жеміс және көкөніс дақылдарының отаны. Бұл орталық та мәдени өсімдіктерге бай, дүние жүзіндегі көптүрлі өсімдіктердің 20%-ға жуығы осында өседі.
  3. 3.      Оңтүстік-Батыс Азия орталығы. Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғаныстан, Солтүстік-Батыс Үндістан. Бидай, қарабидай, тағы басқа дәнді дақылдар мен көптеген бұршақ тұқымдастардың, жүзімнің отаны. Дүние жүзіндегі мәдени флораның 14% осы орталықтан шыққан.
  4. 4.      Жерорта теңізі орталығы. Бұған Жерорта теңізі жағасындағы елдер жатады. Бұл жерден жоңышқа, дара гүлді жасымықша, орамжапырақ, малазықтық өсімдіктер табылған.
  5. 5.      Абисиния орталығы. Африка құрлығындағы шағын аудан. Сорго, бананның, ноқат, бидай, арпа бірқатар ерекше формалары осы орталықта табылды.
  6. 6.      Орталық Америка орталығы. Оңтүстік Мексика. Талшықты, мақта, какао, үрмебұршақ өседі.
  7. 7.      Анд (Оңтүстік Америка) орталығы. Анд тау жоталарындағы біраз елдер. Кокаин бұталары, хена ағашының отаны.

1929 жылы Н.И. Вавилов академик және ауыл шаруашылығы ғылымдарының академиясының президенті болды. Ол кезде 42 жасқа толмаған еді. Жаңа президент орыс ғалымдары мен басқа елдегі әріптестерінің арасында тығыз байланыс болуы үшін көп еңбек етті. Оның ұйықты болуымен 1937 жылы КСРО-да генетикалық халықаралық конгресі өткізілді. Ол Н.И. Вавилов ұйымдастырған Ғылым академиясының генетика институтының негізінде ұйымдастырылды. Мұнда эксперименттік генетика мектебін ұйымдастырған академик Кольцовтың басшылығымен ірі ғалымдардың тобы жиналды. Н.И.Вавилов пен Кольцовтан сынақтан өту үшін дүние жүзінің барлық елдерінен ғалымдар келе бастады. Н.И. Вавиловтың шәкірттерінің бірі, атап айтқанда, кейіннен өзінің ашқан жаңалықтары бойынша Нобель сыйлығын алған Г. Меллер болды.

Егер Н.И. Вавилов жолына Трофим Лысенко қарсы тұрмағанда, оның тағдыры қайғылы болмауы да мүмкін еді. Т. Лысенко ғылымда өзі туралы жағымсыз естеліктер қалдырды; тікелей оның іс-әрекетінің нәтижесінде кеңестік генетика таратылып жіберілді және көптеген  ғалымдар қуғынға ұшырады. Н.И. Вавиловтың басындағы бұл зорлық-зомбылық Сталиндік тәртіпке сәйкес жүзеге асты және бұл жағдай ғылымның тұтас бір саласы – генетиканың біржола жойылуына апарып соқты.

1939 жылдан бастап, Сталиннің құпия қолдауымен, Т.Лысенко және оның жақтастары КСРО-дағы генетика ғылымын тас-талқан етті. Ал 1940 жылы ғылыми экпедицияда жүрген Н.И. Вавилов да тұтқындайды. Оның ісін тергеу ұзаққа созылған. Бірақ Н.И. Вавилов тұтқында жүрген кезінде де ғылыми жұмыстарын тоқтатқан жоқ. Ғалым 1943 жылы 26 қаңтарда түрмеде қайтыс болды.

Ғалымға сұрақ:

  1. 1.      Қазіргі сұрыптауда қалыптастырудағы Н.И. Вавиловтың қандай еңбектері бар.
  2. 2.      Н.И.Вавиловқа арнап Бекмахамбет Айдана арнауын оқу.

“Вавилов – атақты орыс биологы,

Ісімен таңғалдырған әрбір ойы

Өсімдік атаулыны бағындырып,

Мәдени орталықты ашқан өзі.

Ұшан –қиыр жерді өзі аралап

Құнды зерттеу жүргізді марапаттап.

Генетика, селекция іліміне

Жаңалығын енгізді сенімді ақтап”.

            Фрэнсис Харри Комптон Крик (1916-2004) (Әуелбекова Жұлдыз).

            1916 жылы 8 шілде Англядағы Нортхемптон қаласында өмірге келді. Гарри Крик отбасында ең үлкені болды. Ол Жаңа Зеландияда дәрігер жұмысына тұрды. Френсис Крик Нортхемптон бастауыш мектебінде және Милл Хилл орта мектебінде оқыды. Лондон Университеттік колледжге оқуға түсіп, оны үш жылдан соң жаратылыстану ғылымының бакалавры атағын алып бітірді. Жас ғалым жоғары температура кезіндегі судың тұтқырлығы мәселелерін қарастырды. Бұл жұмыс 1939 жылғы екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы салдарынан тоқтап қалды. Соғыс жылдары Крик Ұлыбританияның әскери теңіз министрлігінің ғылыми зертханасында мина жасаумен айналысты. Ол екі жыл осы министрлікте жұмыс істеді және дәл сол кезде 1944 жылы жарық көрген Эрвин Шредингердің “Тіршілік дегеніміз не?  Тірі жасушаның физикалық құбылыстары” деген атақты кітабын оқып шықты. Шредингер кітабын мынадай сұрақты келтіреді: “Тірі организмде жүретін кеңістіктік-уақыттық оқиғаларды физика және химия тұрғысынан қалай түсіндіруге болады?”. Кітапта жазылған пікірлер Крикке әсер еткені соншалықты, ол бөлшектердің физикасымен айналысуды ойлап жүріп, биологияға ауысып кетеді.

            Крик Макс Перуцтің жетекшілігімен нәруыздардың молекулалық құрылымын зерттеді, осыған байланысты оның нәруыздардың молекулаларындағы аминқышқылдардың реттілікпен орналасуындағы генетикалық кодқа деген қызығушылығы пайда болды.

            1951 жылы Уотсон оны Кавендиш зертханасына жұмысқа шақырады.

            Крик 1953 жылы нәруыздың құрылымын рентгендік дифракциямен таңдауға арналған диссертациясын қорғап, Кембриджде философия докторы атағын алды. 1954 жылы ол Нью-Йорктегі Бруклин политехникалық институтында нәруыздың құрылымын зерттеді және АҚШ-тың түрлі университеттерінде дәріс оқыды. 1954 жылы Кембриджге қайта келіп, өзінің зерттеулерін Кавендиш зертханасында жалғастырды. Ол генетикалық кодтың шифрын ашуға бар назарын салды. Крик енді Сидней Бреннермен бірге бактериофагтермен (бактерия жасушаларын зақымдайтын вирустар) генетикалық мутацияларды зерттеуді бастады.

            1961 жылы РНҚ-ның ақпараттық рибосомалық және тасымалдаушы үш түрі ашылды. Кртк және оның әріптестері генетикалық кодтың салыстырып оқылу әдісін ұсынды. Крик теориясы бойынша ақпараттық РНҚ генетикалық ақпаратты жасуша ядросындағы ДНҚ-дан алады және оның жасуша цитоплазмасындағы рибосомаларға (нәруыздардың түзелетін орны) тасымалдайды. Тасымалдаушы РНҚ аминқышқылдарды рибосомаларға жеткізіп тұрады. Ақпараттық және рибосомалық РНҚ бір-бірімен әрекеттесіп, нәруыз молекулаларының түзілуіне қажетті аминқышқылдардың белгілі бір реттілікпен қосылуын қамтамасыз етеді. Генетикалық код 20 аминқышқылдардың әрқайсысына қажетті ДНҚ мен РНҚ-ның азотты негіздерінің триплеттерін құрастырады. Гендер көптеген негізгі триплеттерденқұралады, оларды Крик кодондары деп атады; кодондар сан алуан түрлердің бірінде де біркелкі болады.

            1962 жылы Кембридж университетінің биология зертханасының меңгерушісі және Сан-Диегодағы Солков институты кеңесінің шетелдік мүшесі болды. Солков институтында Крик нейробиология саласында нақтылап айтқанда көрудің және түс көрудің механизмдердің зерттеу жұмыстарын жүргізді.

            Анатомдық биологияда 30жылдық жұмыста 87 ғылыми жұмысы болды.

            2004 жылы 88 жасында; әлемге әйгілі ғалым, жасушалық биологияны құрушы Фрэнсис Крик қайтыс болды.

            Ғалымға сұрақ:

  1. 1.      “Тірі мен өлінің арасындағы шекара” сөзін қалай түсінуге болады?
  2. 2.      ДНҚ-ның құрамын зерттеуге не себеп болды?

 

 

Джеймс Девей Уотсон. (Ембергенова Мақпал).

Джеймс Девей Уотсон 1928 жылы 6 сәуір күні Чикагодағы кәсіпкер Джеймс Д.  Уотсонмен оның жұбайы Джин Уотсонның отбасындағы дүниеге келген жалғыз ұлдары болды. Чикагода Джеймс бастауыш және орта білім алады. Жастайынан ерекше дарындылығымен көзге түседі. Ол орта мектепте екі жыл ғана оқып, 1943 жылы, яғни 15 жасында Чикаго университетінің жанындағы эксперименттік төрт жылдық колледжге бола отырып, степендия алып отырды. Осы колледжге оқып жүгенінде орнитология ғылымына деген қызығуы артады. 1947 жылы, 19 жасында Чикаго университетінде жаратылыстану ғылымының бакалавры бола отырып, Блумингтондағы Индиана университетінде білім алуын жалғастырады. Университетте оқып, жүрген кезінде Джеймс генетикаға қызығып, генетика саласының маманы Герман Дж.Меллермен бактериолог  Сальвадор Лурияның жетекшілігімен оқуын бастайды. 1950 жылы рентген сәулелерінің бакрерифактардың көбеюіне әсері туралы диссертациясын қорғап, философия докроры атаған алды.

            Осыған кейін Уотсон Ұлттық зерттеулер қоғамының рұқсатымен Даниядағы Копенгаген университетінде бактериофагтарды зерттеуді жалғастыруға мүмкіндік алды. Сол жерде ол бактериофаг ДНҚ-сының биохимиялық қасиеттеріне зерттеу жүргізді. Генетиктер қызыға айтатын ДНҚ молекуласының шын мәніндегі құрылымын көбірек білуге ұмтылды.

            1951 жылы көктем айында Неопольде сипозиумда болған кезінде ағылшын зерттеушісі Морис Г.Ф.Уилкинспен кездеседі. Уилкинс және Розолин Франклин, оның Кембридж университетінің Корольдік колледжндегі әріптестері ДНҚ молекуласының рентген құрылымына талдау жүргізді және оларды бұрандалы сатыға ұқсас екі шиыршықтар тұратынын дәлелдеді. Бұл ақпараттар Джеймсқа нуклейн қышқылдарының химиялық құрылымын зерттеуге итермеледі. Бұл зерттеуге “Балалардың сал ауруын зерттейтін Ұлттық қоғам” оған қаражат бөлді.

            Ембергенова Мақпал, Смағұлов Мадияр тәжрибені нұсқа түрінде көрсетті.

            1952 жылы Фрэнсис Крик пен бірге Уотсон ДНҚ-ның химиялық құрылымын анықтауға кірісті. Оларға нуклеин қышқылдарының екі типі – дезоксирибонуклеин және рибонуклеин қышқылы бар екендігін анықтады. 1952-1953 жылдар Джеймс пен Фрэнсис бұрын алынған нәтижелерді толықтыра түсті. 1953 жылы ақпанда ДНҚ-ның құрылымы туралы хабарлама жасады. Сол жылы наурыз айында ДНҚ молекулаларының үш өлшемдік моделін жасады. 1953 жылы Кртк пен Уотсон ДНҚ молекуласының моделін жасауды толығымен аяқтады. 1962 жылы физиология және медицина саласы бойынша “нуклеин қышқылдарының молекулалық құрылымын және олардың тірі жүйелердегі ақпараттарды беруге маңызын ашқан жаңалықтары” үшін Нобель сыйлығын алуларына мүмкіндік берді.

            1953 жылы “Нейче” журналында модельдің сипаттамасы жарияланғаннан кейін екеуінің арасында үлкен алауыздық туып, Крик пен Уотсонның байланысы үзіледі.  1955 жылы Гарвард университетінде жұмыс істеп жүрген кезінде Фрэнсис Крикпен қайта кездесіп, 1956 жылға дейін бірге жұмыс істеді. 1958 тжылы Джеймс Уотсон адьюнкт-профессор,  1961 жылы толық профессор болды.

            1968 жылы, 40 жасында Элизабет Левиге үйленеді. Джеймстің екі ұлы болады. Уотсон отбасымен бірге Гарвард университет қалашығының аумағында ХIХ ғасырда салынған үйде тұрады.

  1. Көрініс Ф.Крик және Д.Уотсон (ағылшын тілінде).

Міне осындай ғалымдарымыздың еңбектері арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып, ел зердесіне мықтап орныққан, танымдық мәнін, тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған еңбектер болып отыр.

 

Добавить комментарий