Ермағамбетова
Мадина Қуанышбайқызы
қазақ тілі
пәнінің мұғалімі
Қостанай облысы
әкімдігі білім басқармасының
«Науырзым ауыл
шаруашылығы колледжі» КМҚК
Сабақтың тақырыбы: «Сөз өнері – біздің тарихи
мұрамыз»
Мақсаты:
- оқушылардың оқу, жазу, сөйлесу дағдыларын
қалыптастыру; - түрлі жаттығудың жазбаша, ауызша
жұмыстарын өткізу; - ата-баба аманат еткен тілді қадірлей
білу, көркемдігі мен байлығын сақтап, келесі ұрпаққа жеткізу;
І Ұйымдастыру кезені
Сәлеметсіңдер ме?
Отырыңыздар!
Бугінгі
сабағымызда «Шешендік сөздер» деп аталатын 2-ші параграфты бекітеміз.
Өткен 9 әңгімені
еске аламыз.
Сабағымызды қазақ
халқының атақты жазушы Ахмет Байтұрсынұлының сөздерімен бастағым келеді:
«Сөзі жоғалған жұрттың
өзі де жоғалады»
Ұлы атамыздың
айтқаның қалай түсінесіңдер? /Өз тіліңді білу және үйрену — өз ұлтынды тану/
ІІ Өткенді қайталау
Назар аударыңдар,
осы портреттерде кім бейнеленген? /Қазақ халқының ұлы билері:
Төле би, Қазыбек
би, Әйтеке би/
Аубакиров
Бағдатқа билер туралы қысқаша мәлімет дайындауға берілген тапсырманы тыңдайық.
1-ші тапсырма
/тақтада жұмыс/
Берілген
сұрақтарға жауап жазу және түсіндіру.
1/ Дау мұраты не? /біту/
2/ Сауда
мұраты не? /ұту/
3/ Қыз мұраты не? /кету/
4/ Жол мұраты не? /жету/
2-ші тапсырма
/карточка бойынша жұмыс/
Ана тілі, тіл
өнері жайындағы мақал-мәтелдердің мағынасын жалғастыру.
Карточка №1
- Өнер алды қызыл (тіл)
- (Сөз) тапқанға қолқа жоқ
- Шебердің қолы ортақ шешеннің (тілі)
ортақ - (Сөз) бас жарады, бас жармаса тас
жарады
Карточка №2
- Көз жетпеген жерге (сөз) жетеді
- (Сөз) сүйектен өтеді, таяқ еттен
өтеді - (Сөз анасы) – құлақ, жол анасы – тұяқ,
су анасы — бұлақ - Басқа пәле (тілден)
Карточка №3
- Көп сөйлеген білімді емес, дөп
сөйлеген білімді - Көлді жел қозғайды, ойды (сөз)
қозғайды - Аз (сөйлеп), көп тыңда
- Білмесең – үндеме, білгенді күндеме
Карточка №4
- Ашуың келсе – қолың тарт, айтпас
жерде – (тілің) тарт - Шешеннің (сөзі) – мерген, шебердің
көзі – мерген - Көп (сөз) – күміс, аз сөз – алтын
3-ші тапсырма
/кітаппен жұмыс/
30 бет. «Жерден
ауыр не?» атты мазмұнды оқу және түсіндіру.
«Бала би шешен
қартайған шағында халқын жинап:
-Жерден
ауыр не?
-Судан
терең не?
-Оттан
ыстық не? – деп 3 сұрақ берген екен. Ешкім шеше алмапты. Сонда Бала би өзі
қойған сұрақтарын өзі былай деп шешкен екен:
-Жерден
ауыр дегенім – ақыл, білім
-Судан
терең дегенім – оқу, ғылым
-Оттан
ыстықдегенім – адамның өмірі»
4-ші тапсырма
/ тақтада жазбаша жұмыс /
Сөйлемдерді орыс
тілінен қазақ тіліне аудару.
- Каждый человек должен ценить и
уважать свой язык
/Әр адам өз тіліңді бағалау және
құрметтеу керек/
- Ораторское слово занимает особое
место в устном творчестве /Шешендік сөз әдеби шығармашылықта ерекше орын
алады/ - У народных ораторов язык богатый и
сочный мысли глубокие
/Халық шешендерінің тілдері бай
және мағыналы ойлары терең/
- Знать и изучать свой язык – значит
знать свою национальность
/Өз тіліңді білу және үйрену — өз
ұлтынды тану/
5-ші тапсырма
Сөздік диктант
1. мағыналы 6. дау-жанжал
2. құрметтеу 7. шебер
3. көңіл 8. өзгеріс
4. асыл мұра 9. адамның өмірі
5. терең ой 10. шешендік
сөздер
ІІІ Бекіту
6-ші тапсырма
Сызба негізінде
«Шешендік сөздер» деген тақырыпты бекітейік.
ІV Үй жұмысы
«Әбунасыр
Әл-Фараби» туралы келесі сабаққа өмірбаянын жұмыс дәптерлеріне
жазып әкелу.
V Баға қою
VІ Рефлексия
Сабақта не ұнады?
Сабақта не
ұнамады?
Өздеріне жаңадан
не алдыңдар?
Жаңадан не
білдіңдер?