«Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі»

Сабақтың тақырыбы: «Табиғи құбылыстардың көптүрлілігі» 5сынып
Білімділік мақсаты: Оқушыларға сан алуан табиғат құбылыстары туралы кең мағлұмат бере отырып, олардың әрқилылығы, өзара байланысы табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы жөнінде түсінік беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға табиғат құбылыстардың қалыптасу себебін анықтай білуге үйрету, оны өмірде тиімді пайдалана білуге , қолдануға дағды қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға эстетикалық және экологиялық тәрбие беру
Көрнекіліктер: Зертханалық аспаптар, кеспе қағаздар, АКТ-ң материалы, суреттер.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: Интербелсенді оқыту технологиясы, СТО элементтері
1. Сабақтың өткізілу жоспары
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. а). «Ой бөлісу»
4. ә) «Менің ойымша»
5. Жаңа сабаққа өту. «Ой біріктіру»
6. Жаңа сабақ. «Нағыз білім сәті»
1.Табиғат құбылыстарына сипаттама беру.
2.Тапсырмалар орындау.
3.Тәжірибе жасау.
4.Қорытындылау.
Бекіту сұрағы. «Сұрақты ұстап ал»
Рефлексия «Бір минуттық мақала»
Үйге тапсырма
Бағалау.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. /1-2 минут/
І. Қызығушылықты ояту.
Оқушылардың оқитын тақырыбына деген қызығушылығын туғызу.
1.«Ой бөлісу»
Оқушыларға бірнеше заттар көрсетіледі, оның түсініктемесі сұралады. (термометр, шырпы, бор, магнит, стақандағы су, марганцовка, молекула , атомдар моделі, бөлме өсімдігі)
1. «Менің ойымша» (танымдық сұрақтарға жауап)
1.Суда тіршілік ететін жануарлар судағы еріген оттегімен тыныс алады. Оттегі суға қандай жолмен өтеді?
2. Қантты қандай шәйға салса тез ериді?
3. Зиянды ауру туғызатын бактериялар, микробтар, улағыш заттар (темекі түтіні), автокөліктен бөлінген газ диффузия жолымен адам ағзасына өтеді. Ол пайдалы ма, әлде зиянды ма?
4. Мамаларыңыздың ас үйдегі пісірген, қуырған тамағының иісі сіздің тәбетіңізді ашады, иіс неліктен ауада тез таралады?
5. Ауадағы оттегі адам терісінен өтіп оны ағзасын сауықтырады. Сондықтан сіз денсаулығыңыз сау болуы үшін не істер едіңіз?

«Ой біріктіру» оқушылар өздері берген сипаттамаларынан ой түйіндейді.
Термометр не үшін қолданылады,шырпыны жаққанда не өзгерді, диффузия құбылыс па, бөлме өсімдігі қалай өседі, электр шамы, компьютер қалай жұмыс істейді, мұғалім сөзі, сіздің жауабыңыздан не естідіңіз?
«Нағыз білім сәті»
1.«Әуендер сыры» — Дыбыстық құбылыстар (түрлі әуендер тыңдатылады)
2. «Әңгіме дебат» — Биологиялық құбылыстар
(Қазір қыс айы. Жыл құстары жылы жаққа қоныс аударған. Салқан қанды жануарлар ұяларына тығылған, ал аюлар қысқы ұйқыда. Қояндардың терісі аппақ қардай. Күзде жапырақ тастағандықтан ағаштар жалаңаш. Ал су қоймаларындағы балықтардың активті тіршілік етуіне мұз жамылғысы әсер етеді. Тек салқынға төзімді жануарлар ғана тіршілігін жалғастырған. Міне, қыстағы тіршілік дәл осындай бейнеде.)
3. «Жұптық әңгіме» — Метеорогиялық құбылыстар (оқушылар жүптасып, бір-біріне ауарайы туралы мәлімет алмасады)
4. «Тәжірибелер сыры» — Элекромагниттік құбылыстар
(Кәдімгі үрілген шарды газетпен ысқылап, бөлме төбесіне жібереді. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады, неліктен? — Шар электрленеді
Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Қалай аламыз -магнитпен)
5. «Стикердегі диалог»- Физикалық құбылыстар
(шөлдегі – сағым, мұздың — еруі, металдың – балқуы, маятниктің – тербелісі, бормен – жазу, орбитамен — қозғалыс)
6. «Бейнетаста» — Химиялық құбылыстар (бейнетаспа көрсетіледі)
7. «Кемпірқосақ» — жарық шығару құбылысы (активстудиомен жұмыс)
-жер бетіндегі ең күшті жарық көзі – Күн
-айналадағы ортаның қасиеттерін танып білудегі ең басты мүше – көз
-алау, шам, электр жарығы – жасанды
-жарық сәулесінің спектрлік қасиетін анықтаған – И.Ньютон
-табиғи жарық көздерінен пайда болатын жарық құбылыстары – кемпірқосақ, таң шапағы, жұлдыздар мен жануарлардың жарық шығаруы
-көзді сақтау үшін не істеу керек
-спектрдің неше түсі бар
8. «Сарамандық тапсырма» — жылу құбылысы
(Ыстық және суық денелердің температурасын салыстыру)

Әр оқушы мәтін мазмұнын қосымша материалымен қорытып, өз білетіндерін еркін баяндап шығады, берілген түрлі тапсырмаларды орындайды, ауызша жауап береді, мәтінмен жұмыс жасайды.
Толғаныс сәті. Алған білімдерін қорытындылайтын кезең. Бұрын не білетінін, қазір не білгенін салыстырады.Өздері қойған сұрақтарына қаншалықты жауап алғанын бағалайды. Алған білімдерінің ұнағанын ортаға салады. Пікір таластырады.
«Сұрақты ұстап ал» (бекіту сұрақтары)
1. Найзағай
2. Қышқыл жаңбыр
3. Күннің күркіреуі
4. Термометр
5. Тұсбағар тілінің солтүстікті көрсетуі
6. Кемпірқосақ
7. Жердің Күнді айналуы
8. Бүршік жару
(Рефлексия) «Бір минуттық мақала»
а) Не маңызды болды
ә)Өмірмен байланысы бар ма
б)Басқа пәнмен байланысы болды ма, қандай пәндер.
Үйге тапсырма: 1. Мәтін
«Өмірмен байланысты мысалдар» қосымша дерек.

Сабақ өту барысында мұғалімнің қол жеткен жетістіктері:
ü Оқушы қызығушылығы артты.
ü Бей-жай отырған оқушы жоқ, бәрі топтық, ұжымдық іс-әрекетте.
ü Тіл байлығы артып, ойлау қабілеті дамиды.
ü Дүниетанымдық көзқарасты қалыптастырады.
ü Бір-бірін сыйлауға, құрметтеуге үйренеді.

Добавить комментарий