Заттар және олардың физикалық қасиеттері,. таза заттар және қоспалар, заттарды тазарту әдістері туралы мағлұмат алу.
Өмірмен байланыстыра алады. Заттарды қолдану үшін қасиетін айқындай алады
Қоршаған ортаны қорғайды.
Сыныбы: 8 Пәні: химия Күні: Пән мұғалімі: Жалетденова Н.З
Сабақ тақырыбы Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері.
Жалпы мақсаты Заттар және олардың физикалық қасиеттері,. таза заттар және қоспалар, заттарды тазарту әдістері туралы мағлұмат алу.
Міндеттер: Өмірмен байланыстыра алады. Заттарды қолдану үшін қасиетін айқындай алады
Қоршаған ортаны қорғайды.
Күтілетін нәтижелер — Заттар және олардың физикалық қасиеттерін біледі; -Таза зат пен қоспадан тұратын заттарды ажырата алады. -Заттарды тазарту әдістерін біледі;
Сабақ барысы
Сабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті Бағалау Ресурстар
Ұйымдастыру бөлімі(2 мин) Слайд 1. Жұмбақ жасырады. Аяғы жоқ жорғалайды, жүреді,
Аузы да жоқ сыңғырлайды, күледі.
Онсыз бірақ жер бетінде тірлік жоқ
Айтыңдаршы осыны кім біледі? (су)
2. Көзге көрінбейді
Қолға ілінбейді (ауа
3. Көзге көрінгенмен
Ұстасақ қолға ілінбейді. (бу ) Мұғаліммен амандасады.
Жұмбақты шешеді. Формативті бағалау жарайсың!
Презентация (слайд)
Мағынаны тану Бүгінгі тақырыпты білу үшін интер белсенді тақтадан видео тәжірибе көрсетеді. 3 стакандағы су 1.дистелденген су ,2.теңіз суы, 3.көкіністі тұздауға дайындалған (рассоль) судың қайнауы температурасы және уақыты көрсетілген. 2 слайд. Тәжірибеде сулардың қайнау температуралары мен уақыты берілген. Көрсетілген тәжірибе бойынша тапсырма беру. Тәжірибені көреді.
Не себепті қайнау температуралары әртүрлі?
Салыстырмалы сипаттама жазады.
Слай,суреттер
Талдау
Дисс.су Теңіз суы рассоль
түсі
иісі
дәмі
қайнау температурасы
Не себепті теңіз суының қайнау температурасы төмен? Кестені толтыра отырып сұраққа жауап береді.
Әр дұрыс жауап 0,5 ұпайдан өзін-өзі бағалайды.
Негізгі бөлім .
3-4 минут
Жеке жұмыс
Бекіту және қорытындылау.
Үйге тапсырма
Бағалау.
Кері байланыс
Табиғатта судың өзі таза күйінде кездеспейді екен. Олай болса бүгінгі тақырыбымыз «таза заттар және қоспалар» Жоғардағы жұмбақатанда бу мен су, ауаның өзі бірнеше заттың қосылысынан тұратынына көз жеткізуге болады.
Үй тапсырмасы арқылы зат, күрделі және жай зат ұғымдарын анықтаймыз. Ол үшін «үшіншісі артық ойыны» арқылы
Қосымша сұрақтар қойылады: Қандай заттарды жай қандай заттарды күрделі заттар дейміз? Не себепті ? Қалай дәлелдейсіз?
Сонымен заттар қалай бөлінеді? Топтық жұмыс 1 тапсырма 1-топ. Бор мен мрамордың құрамы туралы қосымша ресурс. 2-топ қоспа деп нені айтамыз? 3 топ. Қоспалардың түрлері. 4 –топ зат пен қоспаның айырмашылығы . 5-топ Біртекті қоспаларға мысал келтір.(күнделікті өмірден) 6- топ гомогенді және гетерогенді ауа дегенді қалай түсіндіресіңдер? Бөлу әдістері 2 тапсырма 1 топ Мыналардың; ауа,оттек,теңіз суы,өзен құмы,мыс- қайсысы таза зат, қайсысы қоспа. 2 топ Төменде берілген: а) су буы б) гранит в)полиэтилен г) тіс тазалайтын паста- қайсысы химиялық қосылыс, қайсысы қоспаға жатады? 3 топ Қоспалар арасында берілген бір «артық» сөзді көрсетіңдер
А) ауа,түтін,оттек,тұман
Ә) мұнай,спирт,су,ацетон
Б) өзен құмы, қант,темір кені, цемент 4 топ Үш ыдыста мына қоспалар берілген 1.Су мен ас тұзы 2.Су мен құм 3.Су мен ағаш үгіндісі.Әр қоспаны қалай бөлуге болады жоспар құрып түсіндіріңдер. 5 топ Ас тұзы,құм және ағаш шоңқалары берілген,жоспар құрып қалай бөлуге болатынын баянда. 6 топ Көмір немесе басқа отындар жанғанда бөлінетін түтіннің құрамындағы қатты қоспалар мен автокөлік түтінінің құрамындағы күйе атмосфераға таралмас үшін оны қалай тазартуға болады? Топтар бір бірін бағалайды.
Демонстрациялы түрде зерт. жұмыс көрсетіледі . Мұғалім жүргізген зертхана бойынша, отырады.
Барлығына өмірде кездесетін жағдаяттардан сұрақ. Сорпаның бетіне шыққан көбігін қалай бөледі? Мына қоспаларды қалай бөлер едіңдер? Қыша мен манный круппаны. Сөк пен ағаш ұнтағы. Құм мен макты? Шығармашылық тапсырма: «Ойлан ,жұптас, топтас» стратегиясы бойынша 3 топқа сұрақтар 1.табиғат аясына барған кезде тұзды ылғалды жерге байқамай төгіп алдың не істер едің (басқа тұз жоқ)? 2. Орыс ертегісі «Василиса Прекрасная» дағы Василисаға қалай көмектесер едіңдер? 3.Тау кен зауыттарында кенді қалай бөледі? Тест тапсырмасы беріледі «Рефлексиялық нысана» секторларына Сутегі сутегі калий оттегі оттегі мырыш су ауа оттегі — оқушылар айтады. Не себепті ?
Таза заттар және қоспалар
4- оқушы бірігіп топпен орындайды.
Топ мүшелері немесе 1 адам қорғайды.
Қол соғып (қолпаштау)
осы кестені оқушы өз бетімен дәптерлеріне толтырады.
тұндыру
Сүзу
Айдау
Қайта кристалдану
Әр оқушы жеке тест орындайды.
&2 1-5 ж
стикер арқылы сабақтан алған әсерлерін жазады.
Өзін-өзі бағалау бағалау парағы арқылы .
Топ басшысы бағалайды.
Топ басшысы бағалайды. Ұпай санымен
Тест жауаптарын интербелсенді тақтадан жұптарымен алмасып бағалайды. Бағалау парағы
Қосымша мәліметтер
Күкірт ұнтағы, темір ұнтағы, магнит, қағаз
Сабақтың –өзіндік талдауы Сабақты жоспарлаған кезде жеті модульді ықпалдастыруға тырыстым. Алайда ықпалдастыру бағытындағы сергіту жаттығулары және деңгейлік тапсырмаларды қамтымай қалдым. Келесі сабақтарымда жүзеге асырамын. Сабақтың құрылымы мен ғылымилығы жас ерекшеліктеріне сай деп есептеймін. Оны оқушылардың белсенділігінен және көптеген мысалдар келтіруінен аңғардым. Сұрақтарды қөбіне өмірмен байланыстырғанменде деңгейлік тапсырмалардың болмауы анық аңғарылды. Топтық жұмысқа оқушылар жақсы қалыптасқанмен де кейбір оқушылар көптің көлеңкесінде қалып қойды. Алдағы сабақтарымда осы жағын ескеруім қажет деп есептеймін. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері болды. Қиындық тудырғаны бағалау.Болашақта бағалауды қолға алуым қажет
Жалетденова Назым Зейновна Орал қаласы № 1жоббм химия пәнінің мұғалімі