Урок казахского языка Білгірлер сайысы

урок кзахского языка в 5 классе на тему:  Білгірлер сайысы автор:Иманалиева А.Н.

 

«Мектеп
жасына дейінгі шағын орталығы бар
№17

жалпыбілім беретін орта мектебі»МКМ


 


 


 


 


 

Білгірлер
сайысы


 


 


 


 


 


 


 

Пән мұғалімдері:

Иманалиева А.Н.

 


 


 


 


 

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін пысықтап, ой-өрісін,
білім деңгейін кеңейту.

2.     Дамытушылық

Түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың тіл байлығын , ойлау қабілетін,
қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберлігін жетілдіру.

3.     Тәрбиелік

Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызуғышылығын арттыру, Отанын, туған
жерін, елін сүюге, халық дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, әдебиет, музыка өнері.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, буклеттер, плакаттар т.б.

Көп тіл білсең көк жиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қай елде жүрсеңде бұл, дұрысы-

Мемлекеттік тілді білген жөн болар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

      Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі «Білгірлер саиысы»
атты сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығына арнаймыз. Білгірлер
саиысын өткізудегі мақсатымыз- басқа ұлт- өкілдерінің мемлекеттік тілге деген
құрметпен қарауын, сонымен қатар теледидарда жүргізілетін қазақша хабарларға
қызығушылықтарын арттыру.

Бүгінгі
сайыс-сабағымыз осындай кезеңдерден тұрады:

1.    Таныстыру

2.    Дода

3.    Сөз
мәйегі мақал

4.    Кім
жылдам?

5.    Әріптер
сайысы

6.    Ойлан
тап

7.    Кім
тапқыр?

8.    Өнерпаз
болсаң…


 

Әр жүргізілген
кезең бойынша шарттар түсіндіріліп, топтарды әділқазылар бағалап отырады.
Сайысты бастамас бұрын топ мүшелері реттік сандарын белгілеп алуы қажет.Сайысқа
2 топ қатысады.

I кезең. Таныстыру.

I топ «Жасқыран»

Қалықтап көкте жас
қыран,

Халықпыз сөзге
тоқтаған.

Тілімен топты
жаратын,

Тобымыз біздің
«Жасқыран»

II топ. «Жасұлан»

Шығарар намыс топты
алдан,

Дуалы тілге арман.

Сайысқа келдік
біліммен,

Тобымыз біздің «Жасұлан».

II кезең. Дода

Бұл кезеңде әр
топқа 10 сұрақтан қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам
жауап берілуі керек.


 

I топ.

1.    Қазақстан
қандай мемлекет?

2.    Көктем
мезгілінде неше мереке бар?

3.    Қазақ
әліпбиінде неше әріп бар?

4.    Қ.Р-ның
мемлекеттік тілі

5.    Қыста
не жауады?

6.    Күздің
алғашқы айын атаңдар

7.    Қазақстанның
туының түсі қандай?

8.     Наурызда пісірілетін басты тағам қалай
аталады?

9.    Жыл
мезгілдерін ата

10.Бір тәулікте неше сағат бар?

II топ.

1.    Апта
күндерін ата.

2.    Қыс
айларын ата.

3.    Дыбыстар
нешеге бөлінеді?

4.    Бір
жылда неше күн бар?

5.    Бүгін
қандай күн?

6.    Сен
үшін 1-ші қыркүйек қандай күн?

7.    Көктемде
қандай мерекелер бар?

8.    Спорттың
қандай түрлерін білесің?

9.    Мектептен
тыс уақытта немен айналысасың?

10.Гимннің авторларын ата

III кезең.

«Сөз мәйегі- мақал»

Сайыскерлер Отан тіл, еңбек ,достық туралы мақалдар айтудан жарысады.

IV кезең.

«Әріптер сайысы.»

Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен
басталатын сөздермен жауап береді.

(А, О, С, К, Қ, Т)

1.    Сенің
атың кім?

2.    Сен
қайда тұрасың?

3.    Саған
қандай сабақ ұнайды?

4.    Жаз
айында дала қандай болады?

5.    Сен
нені жақсы көресің?

6.    Адамның
атын ата

7.    Өскенде
кім болғың келеді?

8.    Сені
ата-анаң қалай еркелетеді?

9.    Отбасыңда
кімді жақсы көресің?

10.          Қала
аттарын ата

11.          Жануарларды
ата

12.          Заттарды
ата

13.          Сен
отбасыңда кімсің?

14.          Тағамдар,
жеміс-жидек атауларын ата

15.          Мектепке
не үшін келесің?

         VIкезең.

«Ойлан тап»

Бұл кезеңнің шарты екі топқа бірдей«Балапандар» сөзі берілген. Осы сөздің ішіндегі әріптерден жаңа сөз
құрастыру.

VII кезең.

«Кім тапқыр?»

Топ басшылары тақтадан берілген суреттерді сөзбен түсіндіреді. Топтың әрбір
тапқан жауабы 10 ұпаймен бағаланады.

VIII кезең.

«Өнерпаз болсаң…»

Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталамыз

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық?!

Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,

Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!- дей отырып, бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.


Добавить комментарий