Желбіре, жеңіс жалауы!

Орал гуманитарлық колледжі
Колледжіщілік тәрбиелік шара
Өткізген: Г.У.Жумагалиева, В.С.Утеулиева
Мекен-жайы: Орал қаласы., Асан Тайманова 135

«Желбіре, жеңіс жалауы!»
Мақсаты: оқушыларды отансүйгіштікке, патриотизмге тәрбиелеу және Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды  Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету, елін, жерін жаудан қорғай білуге тәрбиелеу.
1 Ж: Қайырлы  күн, құрметті Орал гуманитарлық колледжінің ұстаздары мен студенттері!  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Желбіре, жеңіс жалауы!» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 Ж: Добрый день, дорогие преподаватели и студенты Уральского гуманитарного колледжа. Добро пожаловать на наше мерроприятие посвешенное к днею зашитника отечества.
: XX ғ қанды қасірет екінші дүниежүзілік соғыс еді. Оған әлем халықтарының 80 % қатысты, майданға 61 мемлекет тартылды, 40 елдің жерін соғыс өрті шарпыды, 110 миллион адам қолына қару алды. КСРО – Германия соғысына Қазақстанан 1 мил 200 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тапты, хабар ошарсыз кеткендері қаншама.
Екі қолмен шоқ көсеп ойнағандар,
Кеудесін оққа төсеп, лаулағандар.
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық,
Жеңіс тойын 70 жыл тойлағандар.
Сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға ат салысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
2Ж:  9 мая 2015года в 70-раз прогремит салют Победы. Но в памяти человеческой 22 июнья 1941 года остался не просто как роковая дата, но и как рубеж, начало отсчета долгих 1418дней и ночей Великой Отечественной войны нашего народа.
Мирно страна проснулась
В этот майский день.         
Только что развернулась
В скверах ее сирень.

Поздравительное слово предоставляется директору колледжа Е.А.Туленову.
Көрініс:                                                                                 
Радио:  Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Кеше Совет Одағына неміс фашистері тұтқиылдан шабуыл жасады. Жаудың дивизиялары елге баса көктеп кірді. Ел үшін, жер үшін, барлық ер азаматтар, Отан қорғауға аттаңыздар! (Левитанның даусымен).
Қызы: «Аттан»деді,  
Сен қазір аттанасың,
Жауынгердің рөлін атқарарсың,
Аттан, әке, аттан!   
Әкесі:  Тыңда, балам, тыңда күнім. 
Болуға жара қолқанат
Кәрі анаң, сәби інің- 
Барлығы саған аманат.
Әжесі:  Оралсын аман жеріне,  
Көріссін туған елімен.
Келін-ау, көздей қалтаға
Топырақ салып беріп жібер.
Келін:  Кебін киген өледі,     
Кебенек киген келеді.
Үлкен үйден дәм татса,
Кешікпей дейді, келеді.

Ән: «Қасиетті соғыс»  (видео-ролик)
Көрініс: (1945 ж тылдағы еңбекшілердің өмірі бейнеленген слайд)
1-әйел: Мына сұрапыл пәле соғыс бітпеді-ау,… Азаматтарымыздың хабары да жоқ, ошары да жоқ.
2-әйел:Қайта соған қуансаңшы. Өткен жолы білесің бе, анау көрші кемпірдің баласынан хабар келеді деп жүргенде «қара қағаз» келгенін. Қазір хабар жоғына қуану керек. Әйтеуір тірі дағы.
Бригадир: Амансыздар ма! Балалар да шаршаған болар? Дамылдап алыңдар кішкене. Демалыңдар!
1-қарт: Әбеке-ау! Біздің армия жайлы, майдан жайлы қандай хабарың бар, айта отыр. Бізге қарағанда сауаттысың ғой.
2-қарт: Ой, құдайға шүкір, біздікілер Герман жеріне кіріп, фашист жауызды ойсыратып жеңіп жатқанға ұқсайды.
1-қарт: Әп, бәрекелді! Арам қатқырларға, иттерге де керегі сол.
Бала: Пошташы Наурызбай атам келе жатыр.
2-қарт: мына пошташы Наурызбай ақсақалдың жүрісі өзгеріп кетіпті.
Наурызбай: Сүйінші! Халқым, жұртым, сүйінші! Неміс фащистері кеше тізе бүгіп, жеңілгендерін көрсетті. Жеңіс! Жеңіс! Біз жеңдік!
Қыз: ана, әкеме хат жазып едім, Наурызбай атайдан беріп жіберейін.
Анасы: Сен жазған хатыңды мына халыққа оқып берші.

  • Әке! Әке!

               Тілдесші менімен, әкешім!жапондармен мына жерде шайқасып жатырмын» деп бір хабарласшы, әке! Сағындым сені әке!
Сендер соғысқа кеткелі ауыл тіпті өзгеріп кетті ғой. Бұрын ерлер тындыратын жұмысты қазір біздер де істеп жүрміз.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деп ұрандаған бар адам. «Жеңіс» деген сөз бізге үлкен күш береді. Сенің Шығыста шайқасып жүргенің алаңдатады. Бір жағынан қорқамыз да, апамның да сені талмай күтіп жүргенін ішіміз сезеді.
Мүмкін ерлігіңіз үшін медаль алып та қойған шығарсыз, әке! Құттықтауыма болатын шығар, бәлкім?
Сіздермен бірге кеткен ағалардан «қара қағаз»  келуде.
Бала болсам да соғыс мені есейтіп жіберген сияқты. Фашистер сонша неге соғысқа құмар болды. Сендер Отан үшін, біздер үшін, арттағы ұрпақ үшін майданның нақ ортасында жүрсіңдер ғой. Ал олар сұмырайлар не үшін совет азаматын, әкесін баласынан, жарын күйеуінен айырады. Аянып қалма, әке! Мен үшін болашақ ұрпақтың бақыты үшін кездескен жаудың көзін жоя бер. Үйге жеңіспен қайт, әке! Мен сені қатты сағындым! Тезірек, аман-сау оралшы, әке!
Балта басы, дың, дың,
Фашист өлсін мың-мың.
Жаралы болсын бес-алтау,
Әкем қалсын аман-сау.    (Қыз жай басып, сахнадан шығып кетеді)
1 Ж:  1945 жылы 30-сәуір кешінде, 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы тігілді. Рейстах қабырғасына ең алғаш ту тіккен-Рахымжан  Қошқарбаев. Төрт жылға созылған қанды соғыс аяқталды.
2 Ж:Нелегко досталась эта Великая Победа, но мы выстояли в жестокой схватке с фашизмом. И хочется, низко покланившись сказать:
Слава тебе, победитель-солдат!
Ты прошел через все испытания
Не ради чинов и наград,
А чтобы избавить народ от страдания!
Ән: «Ана туралы баллада»
(Слайд «батырлар» музыкасымен).
1Ж:Отан – ана жылағанда шерленіп,
Тапжылмастан төгеді екен жерге бұлт.
Қара бұлтты қақ жарайық дедік те,
Қолымызға қару алдық ерленіп. Иа, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұрапыл соғыста қан төккен, жан берген жауынгер батырларымыз қаншама. Олардың ерліктерін атап кету біз үшін үлкен мақтаныш. Қан майданда ерлік көрсеткен халық батырлары, қаһармандары Бауыржан Момышұлы, Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Саин, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова,  Мәншүк Маметова сияқты аттары аңызға айналған кісілерді тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
(Слайд «батырлар» музыкасын басып тастап).
2Ж:  Война! Война!
Солдат невинных ты убила,
Страданья людям причинила.
Ты сердце пулею пронзила,
Но наши деды желали всей душой
Победы!
И вот прошли они тяжелый путь,
От Сталинграда до Берлина,
Разбили лового врага!
И рассыпались на Рейхстаге
Под нашим гордым алым флагом,
И Взвился в небо праздничный салют!
1 Ж: Отанымызды жаудан қорғау жолында қасық қаны қалғанша шайқасқан Кеңес Одағының батырларына бас иеміз.
2Ж: Но жизни их светятся негаснущими искринками в бессмертной вечном огне нашей Победы. Вечная память им!
Ән:  «Әлия» (сюжетті-композиция) Әлия ескеркіші .  
1Ж:Әлия, Мәншүк-қайсар гүлі қазақтың,
Ерлігіне таңданамын ғажап тым.
Солар төккен қызыл қанның арқасы
Қазақстан аспанында азат күн. 
«Мәншүктің хаты» (сюжетті композиция)
1Ж:70 жыл бейбіт көктем таң атқалы,
70 жыл-шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері 70 рет
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.
 2 Ж: 70 лет нашей славной Победы,
70 лет как убита война.
И победно идет по планете
Завоеванная весна.
Би: «Смуглянка»
1Ж:   Талай құс содан бері қайта оралды,
Соғыста өлгендер так оралмайды.
Тек ұрпақ олар жайлы айтады әнді,
70 жыл үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні. Бүгінгі күні соғыс ардагерлерінің қатары жылдан-жылға азайып барады. Оларды тек қана мәңгілік алау басында еске алып, тағзым етеміз…
2Ж:   Друзья мои, бывают даты,
Когда не только день и час.
Минуты и секунды святы
Для всех, для каждого из нас.
Ән: «Синий платочек»
1Ж:9 мамыр бұл біріншіден -Жеңіс күні
Бұл күн талай жылдар бойы бейбіт өміріміздің бастауы болған күн.
2Ж:9 мая это День победы, 9 мая-это день оканчания самой кравопролитной войны в историй человечество.
1Ж: 9 мамыр-фашизмді жеңген қаһарман Совет халқының мереке күні.
2Ж: 9 мая-это день памяти погибшим войнам во имя нашей свободы!
1Ж: 9 мамыр- үйіне, отбасына, ата-анасына оралмаған аталарымыз бен ағаларымыз сарыла күткен сағыныш күні.
Ән: «Комбат» 
1Ж:Жиырма миллион жоқ тізімде,
Жиырма миллион жұлдыз жоқ көк жүзінде.
Олар қалды Сталинград биігінде,
Курск ішінде!
2Ж:   Когда не говоря ни слово,
Молчанье скорбное храня.
Мы и печально и сурово Стоим у вечного огня.
1Ж:  Жиырма миллион Отанның солдаттары,
Анттай бізге қасиетті болды аттары.
Ескерткішке батыр қыз, нар жігітке.
Жиырма миллион от жақтық Мәңгілікке!
2Ж:  Они погибшие в боях,
Они, сквозь бурю шли к победе.
Ей равно не было и нет,
Мы будем помнить годы эти,
И 70 и 300 лет.
Ән: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»  
1Ж:Жеңіс деген – жақсылықтың сыңары
Жігерленген құштарлықтың құралы
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.
2Ж:  Сегодня праздник входит в каждый дом,
И радость к людям с ним приходит следом.
Мы поздравляем Вас с Великим Днем-
С днем наши Славы!
С Днем Победы!
1Ж:Біздер бүгін Жеңістің 70 жылдық ұлы мерекені қарсы алып отырмыз. Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін қан төккен аталардың есімі еш уақытта ұмытылмайды, даңқы еш уақытта өшпейді. Олардың рухани қанды көйлек жолдарына біздер тізе бүгіп бас иеміз.  Ұлы Отан соғысы басқыншылардан қорғап қанды қырғын шайқасында қамалған көп ұлтты халқымыздың асқан ерлігі тарихтың мәңгілік естелігі болып қалады. Осынау ерлікпен келген азаттығымызды әрдайым биік ұстайық!
Ән: «День Победы»

Добавить комментарий