Жабық тұқымды өсімдіктер. Олардың жалпы сипаттамасы.

ШҚО

Семей қаласы

«Қайрат  Рысқұлбеков  атындағы ысқұлбеков №  33 ЖОББМ» КММ

 Химия  және биология   пәнінің мұғалімі

Чакеева Еркеш Серикбаевна

 

Сабақтың тақырыбы: Жабық
тұқымды өсімдіктер. Олардың жалпы сипаттамасы. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі.
Сыныбы:7
Биология 
Сабақтың тақырыбы: Жабық тұқымды (Гүлді) өсімдіктер бөлімі. Олардың жалпы
сипаттамасы.
Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. 
Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы
және адам шаруашылығындағы маңызы. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және
даражарнақтылар кластарына бөлінуі.
Жалпы мақсаты 1. Білімділік мақсаты: Оқушыларға жоғары сатыдағы өсімдіктер
жөнінде мәлімет бере отырып гүлді өсімдіктердің қазіргі кездегі саны жағынан ең
көп таралған топ екенін ұғындыру, жалпы сипаттама беру. 
2. Тәрбиелік мақсаты: Гүлді өсімдіктердің маңызымен таныстыра отырып, оларды
қорғауға баулу, эстетикалық, экологиялық тәрбие беру. 
3. Дамытушылығы: Оқушыларды интернеттен,электрондық оқулықтардан мәлімет алуға
қосымша деректермен жұмыс істей білуге баулу, шығармашылық қабілетін, тіл
байлығын дамыту. 
 Оқушылар
үшін оқу нәтижелері: Жабық тұқымды өсімдіктер туралы білімдерін кеңейту. Олардың
көптүрлілігін және ерекшеліктерін білу.Гүлді өсімдіктердің топтастырылуын, дара
және қосжарнақты өсімдіктердің ерекшеліктерін, бұл кластарға жататын
тұқымдастарды ажырата білу.Гүлді өсімдіктердің табиғаттағы және адам өміріндегі
маңызын түсіне отырып, оларды қорғау және көбейту кркектігін ұғынуы. 
Негізгі идеялар Гүлді өсімдіктердің маңызын түсіну, оларды қорғау, көбейту
Сабақта қолданылатын материалдар: Бейнежазба, слайдтар, плакат, фламастар,
стикерлер, өсімдіктер суреттері
Оқыту әдістері: СТО
Диалогты оқыту
АКТ 1.Топтық жұмыс
2.Жұптық жұмыс
3.Жеке жұмыс
Дерек көздері: Жабық тұқымды өсімдіктер тақырыбында берілген материалдар.  .
Тапсырмалар 1. Сұрақтарға жауап беру,
2. Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктер
3. «Шежіре»- гүлді өсімдіктерді топтастыру
4. Гүлді өсімдіктердің маңызы
5. Гүл диаграммасы
6. Салыстыру

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті
I.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының
іс-әрекеті
Тренинг: Жақсы тілек
Оқушы қасындағы оқушыға өзінің жақсы тілегін айтады, келесі оны жалғастырады
Сөздер жазылған парақтар оқушыларға таратып беріледі. 
Сыныпты топқа бөлу(түр, туыс, тұқымдас, класс) Оқушылар түр, туыс, тұқымдас,
класс топтарына бірігеді Топ басшысын сайлау.
II.Үй тапсырмасын сұрау Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сұрақтарға жауап беру
1.Неліктен ашық тұқымды деп аталады?
2. Ашық тұқымдыларға қандай өсімдіктер жатады?
3. Бірүйлі өсімдік дегеніміз не?
4. Қарағай қалай көбейеді? Берілген сұрақтарға топ болып жауап беру
III.Жаңа тақырып Мұғалімнің іс-әрекеті
Сабақтың жоспары:
1. Жабық тұқымды өсімдіктердің жалпы сипаттамасы. 
2. Жабық тұқымды өсімдіктердің көптүрлілігі. 
3. Қосжарнақты өсімдіктердің тұқымдастары. 
3. Жабық тұқымды өсімдіктердің табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы. 
4. Гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар және даражарнақтылар кластарына бөлінуі.
Оқушының іс-әрекеті
1.тапсырма: «Қосарлы ұрықтану» бенежазба арқылы тақырыпқа шығу.
1.Қосарлы ұрықтану дегеніміз не?
2. Қандай өсіммдіктер қосарлы 
ұрықтанады? 
3.Жабық тұқымды дегеніміз не?
4.Қандай гүлді өсімдіктерді білесіңдер?
2 тапсырма: Қосжарнақты және даражарнақты өсімдіктерге сипаттама 1 топ:
Қосжарнақты өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
2 топ: Дара жарнақты өсімдіктердің құрылыс ерекшеліктері
3 топ: Қосжарнақтылар класына жататын өсімдіктер
4 топ: Даражарнақтылар класына жататын өсімдіктер
3 тапсырма: «Шежіре»- гүлді өсімдіктерді топтастыру. Түр, туыс, тұқымдас,
класқа тиісті өсімдік суреттерін таратып береді. 1 топ түрге, 2 топ туысқа, 3
топ туысқа, 4 топ класқа жататын өсімдіктер суреттерін жіктеп алып постер
құрады.
Сергіту сәті: Әуенмен биі
4 тапсырма: 
Гүлді өсімдіктердің маңызы 
А) Табиғаттағы
Б) Дәрілік ретінде
В) Техникалық
Б) Сәндік Әр топ өзіне берілген тапсырма бойынша гүлді өсімдіктердің
табиғаттағы, дәрілік ретіндегі, техникалық, сәндік маңызы туралы постер құрып
қорғайды.
Тақтадан көрінген гүлдердің гүл формуласын жазу
5 тапсырма: Гүл формуласын жазу Әр топ өзіне берілген гүлдің формуласын жазады
IV.Қорытындылау
(5 мин)14.30-14.35 Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Венн диаграммасы: ашық және жабық тұқымдылар Оқушылар ашық және жабық
тұқымдыларға жататын өсімдіктердің ерекшеліктерімен ұқсастықтарын жазады
V.Үйге тапсырма беру Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Қазақстанның жабық тұқымды өсімдіктері туралы эссе жазу Үй тапсырмасын білу,
түртіп алу
VI.Бағалау 
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Формативті, суммативті, топтық, жұптық бағалау Өзін-өзі бағалау, топ басшысының
бағалауы, бағалау парағына бағаларды түсіріп отырады
VII,Рефлексия 
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін жапырақ тәрізді стикерлер
тарату Оқушылар сабақтан алған әсерлерінің ұнағанын жасыл, ұсыныстарын көк
түсті стикерлерге жазады

Добавить комментарий