Менің отбасым

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Қуырмаш»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаты:Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеу. Өзінің отбасы мүшелерінің бір біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, олардың да ата –аналары қамқорлық жасайтыны туралы білу, түсіну.
Әдіс – тәсілдер: ойын, әңгімелеу
Қажетті құрал – жабдықтар:Отбасы мүшелерінің даусы жазылған үнтаспа,қуыршақтар.
Билингвальды компонент : Отбасы- семья- family
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылы-ғын ояту кезеңі

Үнтаспадан «жарығым» «ботам» «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер тыңдатылады.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
-Иә,балалар сендерге жылы сөздерді аталарың,аналарың әке,әжелерің айтады екен.
-Ал,осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
-Бүгінгі оқу қызметімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз? Балалар өз ойларын ортаға салады.
-Маған мұндай сөздерді анам айтады….

-Отбасы мүшелері туралы.
Ұйымдастырушылық
-ізденушілік.

Жұмбақ жасыру:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? /Ата/
Дегенімді жасайтын,
Алған тамағымды асайтын.
Ертіп алып жетектеп,
«Немерем»- деп атайтын. /Әже/
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім? /Ана/
Тәрбиеші балаларға отбасы мүшелеріне байланысты сұрақтар қояды.
Билингвальды компонент :
Отбасы- семья- family
Д/о: «Кім жоқ?»
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілініп тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, кімнің суреті жоқ екенін табады.
Практикалық жұмыс:
Тәрбиеші балаларды қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға отбасы мүшесінің бірінің (анасы, әкесі, ата- әжесі немесе аға- әпкесінің, бөпесінің) жазылған дауысы тыңдатылады, балалар кімнің отбасы мүшесінің дауысы екенін, тауып және отбасындағы кімнің дауысы екенін ажыратады.
Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады (әңгімелесу барысында амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)
Сергіту сәті.
Тапсырманы орындап болған соң, орталықтағы орындарын ауыстыруды ұсынады.
Жұмбақтың шешімін табады.

Балалар сұрақтарға жауап беріп,өзінің отбасы мүшелері туралы айтып береді.
Қайталайды

Ойынды қызығушылықпен ойнайды.

Бірінші орталықтағы балалар үнтаспаға жазылған дауысты тыңдап, өз отбасы мүшесінің дауысын танып ажыратады, отбасынан кімнің дауысы екенін анықтайды.
Екінші орталықтағы балалар қуыршақты алып,ол қуыршақтың туыстық қарым-қатынасы туралы айтады.

Бойларын сергітеді.
Орталықтағы орындарын ауыстырады.
Іс — әрекетін бағалау кезеңі

Д/о: «Жылулық тілегі»
Ойынның шарты: ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның, ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.
Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.

Балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, лебізін айтады.
Мысалы:
-Мен сені қатты жақсы көремін.
-Сен менің қошақанымсың.
-Жұлдыздай жарқырай бер.
Балалар оқу қызметінен алған әсерлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары туралы әңгімелей білуді, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарың тыңдап, олардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы түсіну, сұрақтарға жауап бере білуді, өз отбасы мүшелерін дауысынан тани білуді.
Түсінеді:өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығын, бір-біріне қалай көмектесетіндерін, басқа балалардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтынын.
Қолданады: отбасы мүшелеріне құрметпен,сыйластықпен қарауды, жақсылық, қайырымдылық жасауды, әңгімелесу барысында әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайлыққа қатысты сөздерді.

Добавить комментарий

Менің отбасым.

Қарағанды облысы, Осакаров ауданы,
Осакаровка кентінің « №12 орта мектебі» КММ,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Торжанова Айгүл Дайырқызы
Қазақ тілі 7- сынып
Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Сабақтың мақсаты: Отбасы туралы түсініктерін кеңейту. Сұраулы, құрмалас сөйлемдерді және шылау түрлері арқылы оқушыларды ережелерді меңгерумен қатар сыни ойлауға жетелеу. Оқушыларды коммуникативтік қарым – қатынасқа түсуге жетелеу, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы сөйлеу дағдыларын, шеберліктерін қалыптастыру. Тақырыпты шынайы өмірмен ұштастыру. Түйінді идеялар: Жеке, жұппен және топпен жұмыс істеу арқылы меңгерген ақпараттарын қолдана алуға үйрету;
Сабақтың көрнекілігі: болжау кестесі, семантикалық карта, бейне көрініс, бағалау парағы.
Әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, жұптық жұмыс, топтық жұмыс, ұжымдық жұмыс, сыни ойлау тұрғысынан үйрету.
№ Сабақтың мазмұны
Мұғалімнің іс-әрекеті Уақы
ты Әдісі оқушының іс- әрекеті

І 1Кіріспе (Тұлғааралық байланыс)
1. Психологиялық дайындық
Мейірімді жүрекпен,
Бөлісемін бақытты .
Әрбір іске жауапты,
Бала болам талапты.

2 Психологиялық ахуал Оқушы мен мұғалім бірге қимылдар жасайды.
2. Оқушыларды топқа бөлу, бүгінгі топтық жұмысқа даярлау (сандар арқылы)
2 І модуль
«Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру» Оқушыларды туған айлары бойынша топқа бөлу ( І топ – 4 бала; ІІ топ — 4 бала;
ІІІ топ – 4 бала; ІҮ топ- 4 бала және қалған балалар тағы бір топқа қосылады.
ІІ Сыныптың білім деңгейін анықтау . Өткенді қайталау.
Балалар, өткен сабақта үйге қандай тапсырма берілді? 2- тапсырма. «Бұл кім ?» деген өлеңді жазып, жаттап келу тапсырылған. Қазір қай топ қалай орындап келді екен, байқайық.

5-10 Формативті бағалау, бірін- бірі бағалау

Жеке жұмыс Әр топтан бір-екі жаттауды тыңдаймыз. Қалған жұмыстарды жинап алып тексеру.

ІІІ Тұсаукесер. Мотивациялық кезең.
Балалар, жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Адамның мінезі туралы» бейнебаянын көреміз. Ал, балалар, қандай сезімде болыңдар?
1 . Балалар мына бейнекөріністен қандай адамның қандай мінезін көрдік?
2.Адам мінезінің түрлерін кім айтады?
3. Адамның ұнамды белгілерін кім айтады екен?
Ендеше бүгін біз мінездің ұнамды белгілерімен танысамыз.
Ұнамды белгілері: -әдептілік,
-қайырымдылық,
-табиғилық,
— қарапайымдылық.
6 мин
Бейнебаян «Адамның мінезі туралы»
электронды оқулық
АКТ

Диалогтық оқыту

Интерактивті тақтадан «Адамның мінезі туралы» бейнебаянын көрсету.
Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың айтатын ойларын әуелі топтастырып алуына көмектесу

Сөздік жұмысын жүргізу
Келбет- внешность
Жан дүниесі- внутренний мир
Көркі-вид
Үңілу-заглянуть
Құдай сақтасын-боже упаси!
Ештеңемен- ничем
Жуып кетіре алмау- не смыть
IV Негізгі бөлім. Оқулықпен жұмыс
Балалар, өткен сабақта Сұраулы, құрмалас сөйлемдерді және шылау түрлерімен таныстық, қане енді біз осыған тоқтала кетейік. Сонымен, біз сендермен «Болжау кестесі» стратегиясын қолдану арқылы жаңа сабағымызды меңгерген болатынбыз. Ол сабақта кей балалар кестені толтыра алмай қиналған болатын. Бүгін біз қатемізді жөндеп осы әдісті жақсы меңгеру үшін тағы да жаңа сабаққа пайдаланамыз. Ойларыңа ешқандай тосқауыл болмайды. Қазір мен мәтіннің бөлігін оқимын, сендер әрі қарай оқиға қалай өрбуі мүмкін, жалғастырып көресіңдер. Мәтінді 2 бөлікке бөліп оқу.
ІІІ деңгей мен ІІ деңгейді орындайық. 5-10
Сыни тұрғыдан ойлау ІІ модуль
Еркін жазу,
Болжау кестесі стратегиялары

VI модуль «Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес білім беру»

Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)

Оқушылардың болжауларын, еркін ойлауларын бақылау

V Қорытынды: Біз не білдік?
Балалар, жаңа алған ақпараттар бойынша кестені толтырып шығамыз.
Сұрақ:
Адамның мінезінің ұнамды белгілер не екенін білдік пе? 6 Формативті бағалау,
Семантикалық кесте толтыру Түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау (сұрақ қойғанда толық жауап беруге итермелеу, мысал келтірту арқылы өз ойларын білдірту, көмектескісі келетіндер арқылы сұрақты басқа оқушыға бағыттау)
Үйге тапсырма Оқулықтағы 2-тапсырманы жазбаша орындау, түсініп оқу және түсінігін айту
3 Дербес оқыту Интернет көздері, қосымша ақпарат, дереккөздер.
VI Бағалау
Әр топ бірін-бірі формативті бағалайды.
Жиынтық бағалау. 1 Топтардың өз ішінде бағалау Оқушылардың пікірімен санасу

Добавить комментарий