Мағжан Жұмабаев шығармашылығы

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік.
М. Жұмабаевтың шығармашылығы жайлы алған теориялық білімдерін оқушы есінде қайта жаңғыртып, тереңдете түсу.
2. Дамытушылық.
өлеңдері жайлы алған білімдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы жүйелеу, балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік.
Оқушының тіл байлығын жетілдіру, М. Жұмабаев секілді өз тілін, елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қалыпты, аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, мәнерлеп оқу, жаңа технология элементтері арқылы түрлендіріп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: М. Жұмабаев жайлы кітаптар, өлеңдер жинағы, мультимедиялық тақта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1. Балалар, біз өткен сабақта «Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында» деген тақырыпқа тоқталғанбыз. Бәріміз тақтаға назар аударайық.
Мағжанның барлық өмірі — поэзиясында
Мағжан – ұлы ақын
Мағжан – лирик, сыршыл ақын
Мағжан – эпик ақын
Осы тақырыптар аясында өз ойымызды ортаға салсақ.
1) Неліктен Мағжан өмірін оның поэзиясымен тоғыстырамыз?
1 – оқушы: Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында . Ақын ел ішіндегі әлеуметтік, қоғамдық өмірге белсене араласады. Соларға ақындықүн қосып, өз өлеңдері мен мақалаларын баспасөз беттерінде жиі жариялап отырады. Бірнеше өлең жинақтары жарық көреді. Мысалы, «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы Мағжан өлеңдері негізінен халқының, ел – жұртының тағдырына бағышталған. Ақынның еліне, халқына, бүкіл түркі нәсілдес, қандас халықтарға деген сүйіспеншілігі, оның жырларынан анық көрінеді.
2) Неге Мағжанды ұлы ақын дейміз?
2 – оқушы: Мағжан – ұлы ақын. Қазақтың кемеңгер жазушысы М.Әуезов: «Абайдан кейін Мағжанды сүйемін…Мағжан культурасы зор ақын…Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай … бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» деп, оның ақындығын да, әдебиет тарихындағы орнын да дөп басып айтқан.
3) Мағжанның лирик, сыршыл ақын аталу себебі неде?
3 – оқушы: Мағжан – лирик, сыршыл ақын. Оның поэзия – қомақты жағы – лирикалары. Олары романтикалық асқақ сезіммен өрілген. Жай тербетеді, адамды нәзік, сұлу сезімдерге бөлейді. Ақын лирикасының тақырыптары сай алуан: туған жер, атамекен, халық тағдыры, адамгершілік, шынайы махаббат.
Дұрыс ал сен айта ғой
Мағжан – сыршыл ақын. Мағжан сөзіндей тілген жұмсақ, жүрекке жылы тиетін, үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес. Ол жүректің қобызын шертеді, не жазса да, сырлы, көркем, сәнді жазады.
4 – оқушы: Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Ақылгөй, далагөй ақын бабаларымыз бен аты шулы батырларымызды жыр арқауына енгізіп, асқан ілтипатпен бейнеленген.
Мұғалім:
Өте жақсы. Міне, балалар, ақындық өнердің қыр-сырын жан жүрегімен сезіне білген адамның пікірі осындай болмақ. Мағжан Жұмабаев туралы айтылған пікірлерге назар аударайық.
1. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»
(М.Әуезов)
2. «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір»
(Ғ.Ибрагимов)
3. «Мағжанның «Педагогика» атты кітап жазуы — өмірде сирек кездесетін тек аса талантты, данышпан адамдарға ғана тән қасиет» 
(Қ.Жарықбаев)
4. «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»
(С.Мұқанов)
Халқымыздың осындай аптал азаматтарының пікірлеріне қарап, М.Жұмабаевтың жұлдызы қазақ өлеңінің аспанында ерекше нұрланып, жанып, жарқырағанын байқауымызға болады.
М.Жұмабаев өз өлеңдерінде туған жерге деген махаббат тақырыбын айрықша жыр арқауы еткен. Қане, туған жер, атамекен тақырыбына арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?
Мұғалім: «Сағындым», «Сүйемін», «Туған жер», «Туған жерім – Сасықкөл», «Көкшетау», «Орал тауы», «Жел» т.б.
М.Жұмабаев өлеңдерін саралап жазып көрсету.
Ақын өз өлеңдерінде туған жерге деген жүрек жарды жырын Сарыарқасына, дүниеге келген жері Сасықкөліне арнаған. Өлеңнің әрбір жолы перзенттік сүйіспеншілікке толы.
«Сүйемін» өлеңі мен «Көкшетау» өлеңін мәнерлеп оқиды.
Мұғалім: Міне, балалар ақын поэзиясында оның мінезі барынша көрініс тапқан. Оның әр сөзінен, әр жолынан, әр шумағынан ақынның өз тынысын, тіршілігін, жан жылуын, жан арпалысын, ыза-кегін, адамға деген сүйіспеншілікке толы жүрек соғысын сезінеміз.
270 беттегі «Түркістан» деген өлеңін оқып көрейік.
Өлеңді мәнерлеп оқыту.
Келесі өлең «Сен сұлу» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Өлеңнің мазмұнын сұрау.
Сатылай кешенді талдау жасау.
Зерттеушілер тобы (Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)
Өлең құрылысына талдау.
Әдебиетшілер тобы (шумақ, тармақ, бунақ, буын саны, ұйқас)
«Сен сұлу» өленің талдау.
Зерттеушілер тобы (Авторы, тақырыбы, жанр түрі, идеясы)
Авторы:Мағжан Жұмабаев
1)1893 жылы 25 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы, Сасықкөл жағасында туған. 1938 жылы наурыз айында жазалау құрбаны болды.
2)Кеменгер, ұлт ақыны, шебер аудармашы, қоғам қайраткері.
Тақарып: Туған жерінің сұлулығын, кереметін жырлау.
Жанр түрі: Поэзия.
Идеясы: Өлең арқылы бүкіл адамзатты, қоршаған ортаның қадірін біліп, табиғат кереметін көріп сүюге, табиғатымыздың болашағын ойлауға, туған жерімізді қадірлеуге тәрбиелеу.
Әдебиетшілер тобы (шумақ, тармақ, бунақ, буын саны, ұйқас)
Шумақ: 4 шумақты өлең
Тармақ: 4 тармақты
Бунақ: Білем анық, жанға жайлы май сұлу.
Жарқ-жұрқ еткен майда нажағай сұлу
Буын саны: 11 буынды
Ұықас: май сұлу, нажағай сұлу, ай сұлу, жел сұлу, гүл сұлу, жер сұлу т.б.
Қара өлең ұйқасы. (а-а-б-а)
Жақсы, ал енді «Сен сұлу» Ерболат Құдайбергеновтың орындауындағы әнді тамашалайық.
Теориялық талдау жасау

сөйлем

дауысты

дауыссыз

жуан

жіңішке

ашық

қысаң

еріндік

езулік

ұяң

үнді

қатаң

Бота көз, сиқырлы көз, ханым Гүлсім,
Көктегі күн күлмесін, Гүлсім күлсін.
Гүлсім – күн, көкте ақырын жүзе білід-
Сүйдіріп, күйдіргенің қайдан білсін?!

45

73

11

34

24

21

15

30

30

17

26

5 жолды өлең.
1 зат есім
2 сын есім
3 етістік
4 сөзді сөйлем
1 зат есім
Қорыту:
Сабақты қорыту мақсатында тест тапсырмасын орындайық.
Индекс:

3

3

5

6

2

1

Бағалау: тест тапсырмасының нәтижесі бойынша бағалау.
Үйге берілетін тапсырма: Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы оқып, мазмұнын айту.
Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген», — деп
Шығыс жұлдызы Әбдірахман Жәми жырлағандай, М.Жұмабаев өлеңдерінің құдіретіне табынбасқа болмайды. Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың қай өлеңін алсақ та, адамның сезімін селт еткізіп, ойлағаныңды дөп басып айтады.
«Түркістан» деген өлеңі – елім, жерім, ерім деп соққан ақын жүрегінің қайнарынан төгілген отаншылдық жырдың шынайы да шебер үлгісі.
Тұран – көне мәдениет бесігі, сәулет өнерінің кең сарай көрінісі. Нелер ұлы ақындар ордасы. Қазақ халқының өткендегі тарихы, тағдыры, мәдениеті Тұранмен ұштасып жатыр.
М.Жұмабаев — өз тілін, ел дінін, мәдениетін, тарихын, жер – суын жетік білетін ақын.
Тақтадан көне Түркістан суреттерін көрсету.
«Түркістан» өлеңін мәнерлеп оқып беру, жекелеген шумақтарына түсінік беру.
Түркістан – екі дүние есігі ғой,
Түркістан – ер түріктің бесігі ғой.
Тамаша Түркістандай жерде туған.
Түріктің Тәңірі берген несібі ғой.
Тұранға жер жүзінде жер жеткен бе?
Түрікке адамзатта ер жеткен бе?
Кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял
Тұранның ерлеріне ер жеткен бе?
Ақынның еліне, жеріне деген нағыз шынайы перзенттік сезімін осы жолдардан байқауға болады. Түркістанға, Тұранға оқушыны ынталандыру үшін дыбыстардан керемет өрнек, сурет жасаған.
Ол Алашын алаламай, Түркістан, Тұран – тұтас түндік, бәрі – түрік жері, қазақ жері деп есептеген. Мұнда мекендеген халықтар бір кіндіктен жаралды деп таныған.
Ақын «Түркістан» өлеңінде Орта Азия алабының табиғи ерекшеліктерін жер – су қасиеттерін ерекше тебіреніспен суреттейді.
(Тянь-Шань тауы суреті)
Ертеде Оқыс, Яқсарт – Жейхун, Сейхун,
Түріктер бұл екеуін дария дейтін.
Жейхун, Сейхун екі өзеннің Сырдария, Амудария екеніне сурет арқылы түсінік беру.
Ақын тарих қойнауына терең үңіледі. Елім деп еміренген ер азаматтарын, ел зиялыларын асқан сүйіспеншілікпен жыр етеді. Осы жерде Алаштың абзал азаматтары Шыңғыс хан, Асқақ Темір, Ұлықбек, Ибн Сина Әбуғали, Әл – Фараби, Қасым хан, Есім хан, Тәуке, Абылай секілді даналарын сүйсіне еске алып, ұрпағына үлгі етеді.
Тумайды адамзатта Шыңғыстай ер,
Данышпан, тұңғиық ой, болат жігер.
Шыңғыстай арыстанның құр аты да,
Адамның жүрегіне жігер берер.
Бұл Тұран ежелден-ақ Алаш жері,
Тұрансыз тарқамаған алаш шері.
Тұранның топырағында тыныштық тапқан
Алаштың арыстаны – Абылай ері.

Добавить комментарий