Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:
Тобы: «Қуырмаш»
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Жаратылыстану
Тақырыбы:Менің отбасым
Мақсаты:Балаларды өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығы туралы әңгімелеу. Өзінің отбасы мүшелерінің бір біріне қалай көмектесетіндіктері жайлы сұрақтарға жауап беру. Басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарын тыңдап, олардың да ата –аналары қамқорлық жасайтыны туралы білу, түсіну.
Әдіс – тәсілдер: ойын, әңгімелеу
Қажетті құрал – жабдықтар:Отбасы мүшелерінің даусы жазылған үнтаспа,қуыршақтар.
Билингвальды компонент : Отбасы- семья- family
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылы-ғын ояту кезеңі
Үнтаспадан «жарығым» «ботам» «құлыным», «күнім» деген сияқты жылы сөздер тыңдатылады.
-Балалар,қалай ойлайсыңдар,осындай жылы сөздерді сендерге кімдер айтады?
-Иә,балалар сендерге жылы сөздерді аталарың,аналарың әке,әжелерің айтады екен.
-Ал,осы адамдарды бір сөзбен кімдер деп айтамыз?
-Бүгінгі оқу қызметімізде біз кімдер туралы әңгіме қозғайды екенбіз? Балалар өз ойларын ортаға салады.
-Маған мұндай сөздерді анам айтады….
-Отбасы мүшелері туралы.
Ұйымдастырушылық
-ізденушілік.
Жұмбақ жасыру:
Айтары мол ғұлама,
Көп жасасын бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің,
Білер оны сұраған.
Ол кім? /Ата/
Дегенімді жасайтын,
Алған тамағымды асайтын.
Ертіп алып жетектеп,
«Немерем»- деп атайтын. /Әже/
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Иісін жұпар аңқытқан,
Бұл кім? /Ана/
Тәрбиеші балаларға отбасы мүшелеріне байланысты сұрақтар қояды.
Билингвальды компонент :
Отбасы- семья- family
Д/о: «Кім жоқ?»
Тақтада отбасы мүшелерінің суреті ілініп тұрады. Балалар көздерін жұмады. Тәрбиеші тақтадағы бір отбасы мүшесінің суретін алып тастайды. Балалар көздерін ашып, кімнің суреті жоқ екенін табады.
Практикалық жұмыс:
Тәрбиеші балаларды қалауы бойынша екі орталыққа бөледі.
Бірінші орталықтағы балаларға отбасы мүшесінің бірінің (анасы, әкесі, ата- әжесі немесе аға- әпкесінің, бөпесінің) жазылған дауысы тыңдатылады, балалар кімнің отбасы мүшесінің дауысы екенін, тауып және отбасындағы кімнің дауысы екенін ажыратады.
Екінші орталықтағы балаларға бірнеше қуыршақтарды пайдаланып, отбасы мүшелерін топтастыру және олардың отбасындағы туыстық қарым-қатынасын анықтап айтып беру тапсырылады (әңгімелесу барысында амандасу, қоштасу, алғыс айту секілді әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайылыққа қатысты сөздерді пайдаланады)
Сергіту сәті.
Тапсырманы орындап болған соң, орталықтағы орындарын ауыстыруды ұсынады.
Жұмбақтың шешімін табады.
Балалар сұрақтарға жауап беріп,өзінің отбасы мүшелері туралы айтып береді.
Қайталайды
Ойынды қызығушылықпен ойнайды.
Бірінші орталықтағы балалар үнтаспаға жазылған дауысты тыңдап, өз отбасы мүшесінің дауысын танып ажыратады, отбасынан кімнің дауысы екенін анықтайды.
Екінші орталықтағы балалар қуыршақты алып,ол қуыршақтың туыстық қарым-қатынасы туралы айтады.
Бойларын сергітеді.
Орталықтағы орындарын ауыстырады.
Іс — әрекетін бағалау кезеңі
Д/о: «Жылулық тілегі»
Ойынның шарты: ойынға қатысушы барлық балалар ата, апа, ана, әке, ағаның, ал допты ұстаған бала баланың рөлін ойнайды.
Бала допты лақтырған кезде,қағып алған бала(ата,әже,әке,ана,аға)допты кері қайтарып жылы сөз,лебіз немесе тілек айтады.
Балалардан бүгінгі оқу қызметінен алған әсерлерін,немен айналысқандарын,не үйренгендерін сұрайды.
Балалар шеңбер бойына тұрады.
Допты қағып алған бала жылы сөз немесе тілек, лебізін айтады.
Мысалы:
-Мен сені қатты жақсы көремін.
-Сен менің қошақанымсың.
-Жұлдыздай жарқырай бер.
Балалар оқу қызметінен алған әсерлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары туралы әңгімелей білуді, басқа балалардың да отбасы туралы айтқандарың тыңдап, олардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтыны туралы түсіну, сұрақтарға жауап бере білуді, өз отбасы мүшелерін дауысынан тани білуді.
Түсінеді:өзінің отбасы, жақсы көретін адамдары, олардың жақсылығы мен қайырымдылығын, бір-біріне қалай көмектесетіндерін, басқа балалардың да ата-аналарының қамқорлық жасайтынын.
Қолданады: отбасы мүшелеріне құрметпен,сыйластықпен қарауды, жақсылық, қайырымдылық жасауды, әңгімелесу барысында әдептілік қарым-қатынас мәдениеті мен сыпайлыққа қатысты сөздерді.