Ғ.Мүсірепов \»Көлде\»

Ана тілі 3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғабт Мүсірепов. «Көлде»

Сабатың мақсаты.

1.Білімділік:Оқушыларға жалпы табиғат жайлы түсінік беру.Авторға шолу жасау. «Көлде» мәтінін оқып,мазмұнын түсіндіру.

2.Дамытушылық: Жаңа педогогикалық технологияларды пайдаланып,оқушылардың сабаққа деген қызығушыларын арттыру,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Табиғат әлемінің әсемдігіне зер сала отырып,бағалай білуге,табиғат байлығын қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  Аралас сабақ.

 Сабақтың әдісі:  Сын тұрғысынан ойлау, сұрақ-жауап, талдау

  Сабақтың көрнекілігі: Венн диаграммасы ,деңгейлік тапсырмалар,  5 жол өлең, диаграмма, суреттер.

Пән аралық байланыс: Дүниетану,бейнелеу,қазақ тілі.

Сабақтың барысы:

      І. Ұйымдастыру кезеңі

2.Психологиялық дайындау

3.Жұмбақ шешу

4.Суретпен жұмыс

5.Картамен жұмыс

6.Сен білесің бе?

7.Сергіту сәті

8.Жаңа сабақ

9.Оқулықпен жұмыс

10 Рефлексия

11.Үйге тапсырма

Психологиялық дайындық:Оқушылар шеңбер құрып (сағат тілі бойынша) әр оқушы өз есімінің  бірінші әріпі бойынша мінезінің бір қасиетін айтып, келесі оқушы бірінші оқушының атын, қасиетін, қайталай отырып, өзінің есімімен қасиетін қоса айтады. Мысалы: Әмірболат-әдемі, Аружан-ақылды.

Жақсы енді орындарымызға жайғасып,оку құралдарыңды дайындап сабаққа зер салайық.

Балалар енді мына жүмбақтың шешуін тауып көрейікші.
 Слайд.    Жұмбақ

                    Ауыл сыртында сайда

                   Жатыр үлкен айна. /Көл/

Слайд  /Көлдің суреті/

Суретпен жұмыс:

Көл сөзіне топтастыру жасау \\дәптерлеріне жазады\\

Көл қалай пайда болады?

Көлдер көлемі жағынан әр түрлі болады: Шағын көлдер бірнеше он метр болса,ірі көлдер бір шетінен екінші шетіне дейін көз жетпейді.Ірі көлдерді теңіз дейді. Көлдер тұщы және тұзды болады.

Слайд Ереже                            

Жер бетіндегі суға толған табиғи ойыстарды көл деп атайды.

Жақсы келесі мына  жұмбақтың шешуін тауып көрейік.

Слайд.Жұмбақ.

                Жер көрдім қаласы бар,

               Үйлері жоқ мекендейтін.

               Көл көрдім,өзен көрдім.

              Сулары жоқ тереңдейтін. /Карта/

Слайд.Казақстан көлдерінің картасы.

Картаға қарап көлдердің орналасуына мұқият көңіл бөлейік.Ал енді біздің ауданымызда қандай көлдер бар екен?

Слайд.С.К.О Ақжар ауданы көлдері.Кішіқарой,Үлкенқарой,Жантайсор,Қулыкөл,Шолақ-сор.

Слайд.Көл туралы қызықты мәліметтер.

Сен білесің бе?

Әлемдегі ең терең көл-Байкал (1620 м)

Әлемдегі ең үлкен көл-Каспий (390 мың км²)

АҚШ жеріндегі Үлкен Тұзды көл-Бонневилл

Әлемдегі ең ұзын тұщы көл— Танганьика (1470 м);

Слайд.    Сергіту сәті.Қатты нөсер басылды

                       Күн жарқырай ашылды

                    Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды

Жаңа сабақ.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы не жайында болмақ?

Дұрыс.Көл туралы.

    Слайд.Ендеше  бүгін барлығымыз Ғ.Мүсіреповтың  «Құрметтейік бас иейік адам баласының мәңгілік ортақ бесігі Жер Анамызға» -деп табиғат әлемінің әсемдігін сүйсіне жырлаған  «Көлде» мәтінімен танысамыз.

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу.Мұғалім бірінші азат жолын оқып, оқушылардан әрі қарай не болатының сұрап,балалар ойларын айтады.Екінші бөлігін оқиды. Оқушылардың ойымен салыстырады.

Слайд..

 Сөздік жұмыс.

Доңыз- арам ниетті, қасқүнем.

Үлбіреген- бал-бұл жану.

Маужырап- рахаттану,тамылжу.

Тамырлы көл- қалың қамысты көл

Дәптермен жұмыс.

Сыланып отырған аққу.

Мыңдаған үйрек.

Сырласып отырғандай.

Суылдап келіп көлге қонады.

Суретпен жұмыс. Суретте нелер бейнеленген?

Венн диаграммасы.

 

 

 

 

 

Мәтін

Сурет

Ұқсастық

Аралар үлбіреген гүлдерге қонып, бал жинап жүр.  Көлде көп

Шағала,  тұңық су, түс кезі,

Аққуудар, қаздар, қамыстар, үйректер, жапырақтар жайқалған  бар

Сабақты қорыту.

Көл сөзіне бес жол өлең жазу

Не? Көл

Қандай? Таза, үлкен

Не істейді? Толқиды,  тұнады, жарқырайды

Табиғаттың әсем бір  бөлігі.

Синоним Су

Үйге тапсырма: Мәтінді түсініп оқу. Тақырыпқа байланысты мақал- мәтел жаттау.

Бағалау.

 

Добавить комментарий